Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Жолдаудың мәні – халықтың қамы»
24.10.2019

2019 жылдың 2 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» тақырыбымен ел халқына өзінің алғашқы жолдауын жариялады.

Аталған оқиғаға арналған дөңгелек үстел өткізіліп, оның жұмысына филология ғылымдарының докторы, А. Байтұрсынов ат. ҚМУ профессоры А. А. Әбсадықов, «Нұр Отан» партиясының Қостанай облысық қоғамдық бірлестігінің Қостанай қалалық филиалының кеңесшісі А. Қ. Тұрсын, тарих ғылымдарының кандидаты, А. Байтұрсынов ат. ҚМУ доценті, Ұлтаралық мәселелер мен дінаралық келісімді зерттеу орталығының директоры Ж. А. Шәукенов, «ҚМПА» қоғамдық бірлестігінің Қостанай филиалының үйлестірушісі А. В. Косюк қатысты.

Қатысушылар мемлекет басшысы жолдауының қазақстандық қоғамның көптеген сұрақтарына жауап бергендерін атап өтті. Оның баяндамасында айтылған бастамалар Президентіміздің қарапайым халықтың қажеттілігін жақсы білетінін, елдің хал-ахуалын, мұң-мұқтажын көріп отырғанын және Жолдаудың келешекте атқарылатын жұмыстардың нақты жоспары екендігін сенімді дәлелдеп берді.

Шараны ұйымдастырушылар – Әмбебап оқу залының қызметкерлері келушілерге мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауына және оның талқылауына арналған мақалалар, сондай-ақ тәуелсіз Қазақстанның құрылу тарихына арналған кітаптар қойылған кітап көрмесінің материалдарымен танысуды ұсынды. Көрменің негізгі материалы ҚР Президентінің Жолдауы жазылған кітапша болды. Сондай-ақ Қ. К. Тоқаевтың «Мәдениет пен өнердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерттеу және насихаттау, мұрағат істерімен жұмыс істеудің тиімділігін көтеру» бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату» кіші бағдарламасы бойынша шығарылған 7 томдық басылымы ерекше қызығушылық тудырды. Бұл басылымның кітаптары деректі материалдарға, белгілі дипломаттардың қызықты портреттік суреттемелеріне, әлемдік саясаттану әдебиетінде бұрын жарияланбаған бірегей материалдарға, сондай-ақ Елбасы Н.Назарбаевтың мемлекеттің құрылуына және нығаюына қосқан өлшеусіз үлесін көрсететін мақалалар мен очерктерге бай.

Бұлардан басқа адам саудасымен күрестің қылмыстық-құқықтық мәселелерін тарқатып беретін А. Б. Бекмағамбетовтың «Торговля людьми: доктринальный и законодательный подход к проблеме противодействия» (Қазақстан мен Ресей материалдарына негізделген) монографиясы да оқырмандардың ерекше назарын аударды.

 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus