Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
10 жылдық жетістік
22.10.2019

22 қазанда Өлкетану әдебиеттері бөлімі «Костанай-АГРО» газетінің мерейтойына арналған «10 жылдық жетістік» кітапханалық журфиксін өткізді.

Уақыт неткен шапшаң десеңші! Газет туралы кеше ғана сөз болған секілді еді, енді міне – оған 10 жыл толып отыр. Мерейтойда құттықтаулар айтылуы тиіс. Сүйікті газеттерін құттықтауға сыйлы және құрметті қонақтар, журналистердің әріптестері, А. Байтұрсынов ат. ҚМУ гуманитарлық-әлеуметтік және экономикалық факультеттерінің студенттері келді. Газеттің ұжымын Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Д. И. Қарымсақова, Ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы С. К. Қабиев, Еңбек Ері С. Б. Бұқанов, бұрынғы сенатор, мемлекет қайраткері С. М. Жалыбин, Ө. Сұлтанғазин ат. ҚМПУ ҚХА кафедрасының профессоры В. Г. Вишниченко құттықтап, жүрекжарды тілектерін жеткізді.

Кітап көрмесі, бейнекөрсетілімдер, газеттің мерейтойлық санын тапсыру, мерекелік күнтізбелер мен кәдесыйлар, журналистер мен газеттің бас редакторы Түркістанов Тимурдың сөз сөйлеуі жиналғандардың шынайы қызығушылығын тудырды. Газетке жазылушылар мен газеттің оқырмандары арасында жүргізілген ұтыс ойынының жеңімпазын керемет қуаныш күтіп тұрды. Естелік сыйлық кітапхананың тұрақты оқырманына бұйырды.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus