Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Құтты қоныс – Қамысты»
26.09.2019

2019 жылдың 25 қазанында жалғасып келе жатқан «Қостанай облысының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапханалар күні» жобасы аясында «Құтты қоныс – Қамысты» тақырыбымен Қамысты ОКЖ кітапханалар күні өтті.

Шараны өткізудің мақсаты – әріптестеріміздің жұмыс тәжірибесімен танысу, Қостанай облысының мемлекеттік кітапханаларындағы жұмыстың инновациялық түрлерін анықтау, кітапхана мен кітап оқудың рөлін көтеру.

Қамысты аудандық ОКЖ кітапханалар күні өңір мен кітапхана тарихына, ауданның танымал тұлғаларының өмірі мен қызметіне және шығармашылықтарына арналды.

Шараға қатысушыларға әсіресе «Алтынсарино» ЖШС директоры Б. П. Князевпен болған кездесу ерекше ұнады, Е. Бекмұхамбедовтың көркем суреттері көрсетілген «Туған жерім – алтын бесік» фотокөрмесі мен әсерлі әңгімесі, «Дорогою добра» еріктілер тобының өнер көрсетуі, В. Мазукаеваның сурет көрмесі, Қашқымбаевтар отбасының «Үлгілі жанұя» отбасылық қонақжайы, аудан өнерпаздарының музыкалық бағдарламасы мен кітапханашылардың сән үлгісін көрсетуі ешкімді бейжай қалдырмады.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus