Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Қазақ поэзиясының философы
02.11.2018

31 қазан күні бірлескен кітапхана ұжымы қаламыздағы «Жайлаубай ата» мешітінде ақын, философ, композитор, ойшыл Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жылдығына арналған «Қазақ поэзиясының философы» атты әдеби кеш өткізді.

Әдеби кешке Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Серікбай Оспанов, тарих ғылымдарының профессоры Өтеген Исенов және философия ғылымдарының кандидаты Қалқаман Жақып қатысты.

Кеш барысында ақын өмірінен тыңғылықты деректер және Шәкәрім өміріне арналған «Даналардың ізімен» атты бейнесюжет көпшілік назарына ұсынылды. Мәдени шара барысында Серікбай Оспанов   Ш.Құдайбердіұлының шығармаларының маңыздылығына тоқталып, оның діни пәлсапаларына ой жүгіртіп, сол кездегі Шәкәрім айтқан наным-сенімдер қазіргі қоғамда белең алып жатқанын сөз етті. Өз кезегінде сөз алған Өтеген Исенов алдымен жиналған қауымды Шәкәрімнің 160 жылдығымен құттықтап, ақын жайлы өз деректерімен бөлісіп, Шәкәрім - Абай аманатын лайықты орындағанын тілге тиек етті және алдағы уақытта да мешітте осындай игі іс-шараларды мейлінше көбірек өткізуді ұсынды. Кеш соңына қарай сөз алған Қалқаман Жақып ақынның шығармашылығына көбірек тоқталып, жастарға әдебиет әлеміне жақын болуды үндеді. Әдеби кештің қорытынды бөлімінде, ақынның шоқтығы биік туындылары мәнерлеп оқылып, ақынға арнау өлеңдер оқылды. Кеш соңында «Жайлаубай ата» мешітінің наиб имамы Дүйсен Дайыр ақын рухына құран бағыштады.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus