Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Арманы асқақ ақын
24.10.2018

Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК-ның әдеби қонақжайында 23 қазан күні ардақты ақын, ағартушы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 125 жылдығына арналған «Арманы асқақ ақын» атты поэзиялық кеш болып өтті. Атаулы кеш барысында ақын өмірінен тыңғылықты деректер, бейнесюжет көпшілік назарына ұсынылды. Кеш қонақтары ретінде А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ Тіл және әдебиет теориясы кафедрасының оқытушысы Төлегенова Шынар және қостанайлық ақын Бағлан Анқауов қатысты. Мәдени шара барысында С. Торайғыровтың шығармаларының маңыздылығына тоқталып, қазақ әдебиетіндегі Абай мен Мағжаннан кейінгі ірі тұлға екенін алға тартты. Сондай-ақ Шынар Исланбекқызы ақын жайлы құнды деректерімен бөлісіп, шығармашылығының қаншалықты жоғары деңгейде екендігін алға тартты, жастарға әдебиет әлеміне жақын болуды үндеді.

Шара барысында «Ақ қауырсын» шығармашыл жастар клубының мүшелері ақынның шығармаларындағы шоқтығы биік туындыларын мәнерлеп оқыды. Өз кезегінде, ақынның «Шәкірт ойы» атты театрландырылған толғанысы сахналанды. Кеш соңына қарай сазды әуендер орын алды.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus