Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Судьба и призвание»
22.10.2018

19 қазанда Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК қонақжайына келген кісілердің қарасы көп болды. Бұл жерде тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Мәскеу қ. «Неміс мәдени орталығы» директоры, «Russlanddeutsche» журналының бас редакторының бірінші орынбасары Владимир Андреевич Ауманмен шығармашылық кездесу болды.

Қостанайлықтар Владимир Андреевич Ауманды Украинаның Александергейм ауылында туғанына қарамастан өздерінің жерлестері деп санайды. Ол үш жарым жасында әке-шешесімен бірге Федоров ауданының Баннов ауылына жер аударылды. Қостанай педагогика институтын және Мәскеу қоғамдық ғылымдар академиясының аспирантурасын аяқтады. Қазіргі кезде Мәскеу қ. тұрып жатыр. Көп жылдан бері ресейлік және қазақстандық немістерді ақтауға бағытталған ғылыми және қоғамдық жұмыстарды белсенді жүргізіп келеді.

Кездесу аясында В. Ауманның «Қазақстанның танымал немістері» жобасы аясында жарық көрген қазақстандық ғалым, ауыл шаруашылығы ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Ленин сыйлығының лауреаты Эрвин Францевич Госсен жайындағы «Судьба и призвание» кітабының тұсаукесері болды. Эрвин Францевич туған халқы тап болған небір қиындықтар мен қасіретті – сатқындық туралы айыптауды, жер аударуды, жақындарының опат болуын ерге лайықты көтере білді. Қазақ жерінде ол екінші отанын тапты, топырақты жел эрозиясынан қорғаудың жолын ұсынған алғашқылардың бірі бола отырып өзінің шығармашылық әлеуетін жүзеге асыра білді.

Кездесуге Қостанай облысындағы немістердің «Возрождение» мәдени орталығының өкілдері, белгілі қостанайлық ғалымдар мен педагогтар И. К. Терновой, Д. М. Лёгкий, Ю. Я. Бондаренко, О. О. Кирхмаер, журналист, әлеуметтік ғылымдардың докторы А. Н. Харченко, баспагер А. В. Тарасенко, мәдениет және өнер қайраткерлері қатысты.

Шараға сондай-ақ ЧелМУ Қостанай филиалы мен А. Байтұрсынов ат. ҚМУ агрономия және биология факультеттерінің студенттері, №23 мектептің жоғары сынып оқушылары қатысты. Олар Владимир Андреевичтің өзі және өмірінде істес болған танымал тұлғалар жайындағы әңгімесін қызыға тыңдады.

Кеш соңында болған қолтаңба қалдыру кезінде автор сыйлыққа тартатыны туралы жазуы бар кітапты облыстық кітапхананың қорына табыс етті және кездесудің барлық қатысушыларымен естелік суретке түсті.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus