Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| «Шынайы жырдың шебері» 05.10.2018 | 3 қазан күні Л. Толстой
ат. ОӘҒК көрнекті ақын, жазушы, аудармашы Қайнекей Жармағамбетовтің 100
жылдығына арналған «Шынайы жырдың шебері» атты
әдеби-сазды кеш өтті.
Шараға құрметті қонақ ретінде жазушының қызы Әмина Қайнекейқызы,қарындасы Күләш Мүсілімқызы, ақынның күйеу баласы Жандарбек Сейітов,
филология ғылымдарының кандидаты Нағашыбай Мұқатов қатысты. Шараға
келген қонақтар ақын жайындағы
естеліктерімен бөлісіп, оның ел адындағы еңбегін атап өтісті. Жас ақын Батырлан
Сағынтаев Қайнекей Жармағамбетовке арнау
айтса, І.Омаров ат. қазақ драма театрының әртістері Иманов Қабдолмәжит мен Нұрлыбек Кенжеахметов ақынның өлеңдерін
оқыды. «Нұр-әуен» студиясының шәкірттері
орындаған күй шараның ажарын аша түсті. Кеш Қайнекей Жармағамбетовтың
шығармалары мен оның өмірі мен шығармалары жайындағы жарияланымдар қойылған
кітап көрмесімен сүйемелденді. | | | Кері қарай |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|