Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Адамзаттың адамы
26.09.2018

     25 қыркүйекте Л. Н.Толстой ат. ОӘҒК конференция залында Новосібір қ. Октябрь ауданының Л. Н. Толстой ат. ОКЖ онлайн кездесу өткізілді. Шара түрлі ұрпақ пен көптеген халықтың рухани өміріне ықпал еткен орыстың ұлы жазушысы және ойшылы Лев Николаевич Толстойдың 190 жылдығына арналды. Новосібірлік әріптестеріміз Толстойдың Жапониямен байланысы туралы, шығыс жұртынан шыққан алғашқы «толстойшылар» туралы және жазушының педагогикалық ойларының жапондардың оқу орындарында қолданылуы жайында айтып берді. Сондай-ақ олар өздерінің кітапхана қорындағы Л. Н. Толстойға арналған қызықты басылымдармен таныстырды. 

Өз кезегінде Л. Н. Толстой ат. Қостанай ОӘҒК әдеби-ақпараттық бөлімінің қызметкері А. В. Олексюк ұлы жазушының Қазақстанмен және Қостанаймен арадағы байланысы туралы қысқаша баяндама жасады. Әсіресе кітапхана ісінің ардагері С. С. Юсупованың жүрекке жылы, сезімге толы хабарламасы жиналғандардың назарын ерекше аударды. Ол Л. Н. Толстой кітаптарының біздің кітапханамызда тұрақты сұранысқа ие екендігі, сондай-ақ өзінің Ясная Полянадағы Л. Н. Толстойдың мұражай-үйінде болған сапары барысында алған әсерімен бөлісті.

Барлық қатысушылар бірауыздан кездесудің табысты өткендігін және келешекте ынтымақтастықты жалғастыра бергісі келетіндіктерін жеткізді.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus