Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Солодова Фания Гаппаровна

1938 жылы 14 мамырда Бұхара қ. (Өзбек КСР) туған. 1956 жылы орта мектепті күміс медальмен бітіріп, Киев технология институтына түседі де, оны «инженер-технолог» мамандығы бойынша бітіріп шығады.
1961 - 1964 жж. Қызылорда былғары аяқ-киім комбинатында жұмыс істейді. 1964 ж. Қостанай аяқкиім фабрикасына жұмысқа қабылданып, зертхананың технологынан директорлық қызметке дейінгі еңбек жолынан өтті.
1984 ж. қарашасында қалалық әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалады.
1992 ж. наурызында Қостанай қалаткомның таратылуына байланысты қалалық әкімшілік басқармасы аппаратының тұрғындарды әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы болып тағайындалады.


Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Сьянов Илья Яковлевич

Әулиекөл кентінде шаруа отбасында туған. Қостанай ке-ңестік партия мектебінде оқып, кейін Чкалов қаласында жұ-мысшылар факультетін бітірген. Алматы тігін фабрикада ди-ректор болып істеді.
1936 ж. Қостанай қаласына оралып, облыстық жоспарлау комиссиясында экономист болып істеді.
1942 ж. көктемінен 151-ші жеке атқыштар бригадасының қатарында майданда болды. Көне Руссо, Прибалтика, Польша жерлері, Висла мен Одер өзендерінен өту, Берлинді алу үшін болған шайқастарға қатысты. 1945 ж. 24 сәуірінде 150-ші ди-визия фашистік Германия астанасының көшесіне аяқ басты. 1945 ж. 28 сәуі-рінде аға сержант Сьянов шайқас кезінде рота командирінің орнын басып, өз әскерлерін рейхстагты шабуылмен алуға көтерді. 1945 ж. 30 сәуірі күні 20 са-ғат 50 минутта полк барлаушылары Егоров пен Кантария лейтенант Бе-ресттің басшылығымен рейхстагтың күмбезіне Жеңіс Туын қадады, ал оларға біздің жерлесіміздің шабуылдаушы ротасы көмек көрсетіп, қорғап тұрған бо-латын. Берлинді алуда көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1945 ж. 15 мамырдағы жарлығымен Илья Яковлевич Сьяновқа Кеңестер Одағының Батыры атағы берілді.


Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Телятников Леонид Петрович

Қостанай обл. Меңдіқара ауд. Введенка ауылында туған. Генерал-майор, Кеңестер Одағының Батыры.
1971 жылы Свердлов өрт сөндіру және техникалық учи-лищесін, 1978 ж. КСРО ІІМ жоғарғы инженерлік-техникалық мектебін бітірген.
1978 ж. ішкі істер органдарында жұмыс істеген.
1986 ж. Чернобыль АЭС болған апатты жоюда көрсет-кен ерлігі, батылдығы және жанкештілік әрекеттері үшін Ке-ңес Одағының Батыры атағы берілді.
Леонид Петрович 2004 жылы ауыр науқастан кейін Киев қаласында (Украина) қайтыс болды.


Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Темірбаев Сейтхан Нұрмұхамбетұлы

Қостанай обл. Таран ауд. Қызылжар ауылында дүниеге келген. Соғысқа дейін бухгалтер болып жұмыс істеген. 1942 ж. мамырында армия қатарына шақырылады. 1943 ж. кіші лейтенанттар курсын бітіреді. Донбас, Николаевск, Одесса облыстары мен Молдавия жерлерін және Сталинградты азат етуге қатысады. І Белорус майданы 5-ші екпінді армиясы 230-шы атқыштар дивизиясы 990-шы атқыштар полкінің ко-мандирі капитан Темірбаев Берлинді алу кезінде көзге түсті. Кеңестер Одағының Батыры атағы 1945 ж. 31 мамырында берілді.
Батырдың ерен еңбегі Ленин, «Қызыл Жұлдыз», І дәрежелі Отан соғысы, «Қызыл Ту» ордендерімен және медальдармен аталып өтілді.


Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Терновой Иван Кондратьевич

1935 жылы Семиозер ауданы Анастасьевка ауылында туған. КСРО білім беру ісінің үздігі, Қазақ КСР білім беру ісінің үздігі, тарих ғылымдары кандидаты, ҚМУ профессоры (1995), жоғарғы оқу орындарында 1973 жылдан жұмыс істеп келеді. Ғылыми-педагогикалық қызметін аға оқытушы қызметінен бастап, кейін кафедра меңгерушісі, сырттай оқу бө-лімінің проректоры болды.
1981 - 1988 жж. Қостанай педагогика институтының рек-торы болып істеді.
1989 - 1994 жж. аралығында КОКП тарихы, саясаттану және әлеуметтану кафедрасының доценті. Иван Кондратьевич ЖОО істеген ұзақ жылғы кезеңінде оқу-тәрбие, ғылыми-зерттеу жұмыстарын назардан тыс қалдырған емес. Ол 34-тен астам жұмыс дайындап, бастырып шығарды. «Халық есінде», «Күреске толы өмір», «Мыңжылдық қарсаңындағы әлем», «Қостанай облысының тарихы: өткендер мен бүгінгі кезең» және басқа да жұмыстардың авторы. Қазақстан компартиясы қалалық, облыстық конференциялардың депутаты, Облыстық және қалалық еңбеккерлер кеңесі аткомның депутаты, пед-институт парткомының хатшысы болып сайланды.
Студент жастарды оқыту және тәрбиелеу ісіндегі жетістіктері, облыстың ЖО саласын дамытуға қосқан еңбегі үшін Иван Кондратьевич Ыбырай Алтынсарин төсбелгісімен, медальдармен марапатталған.


Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Трофименко Макар Антонович

Витебск губерниясында кедей-шаруаның отбасында дүниеге келген. Өзінің еңбек жолын 15 жасынан Петербор қ. қара жұмысшылықтан бастап, кейін Путиловск зауытында шегелеушінің көмекшісі, жөндеуші және темір ұстасы болып жұмыс істеді. 1915 жылы патша әскеріне понтонды батальонға қатардағы жауынгер болып қабылданады. Алайда соғыс өндірісіне жұмыс күші жетпей жатқандықтан оны Ижевский зауытына жіберіп, сол жерде 1920 жылға дейін жұмыс істей-ді. 1930 жылы Украина партиясының ОК оны Бүкілодақтық социалистік егін шаруашылығы академиясына оқуға жібереді. Оқуын аяқтағаннан кейін Қостанай облысының Ленин ат. және Кеңарал егін кең-шарларында директор болып істейді. 1937-1953 жылдары Макар Антонович ауыл шаруашылығы саласындағы жауапты лауазымдарда қызмет істеді. 1954-1955 жылдары кеңшарлар тресінің директоры болды.
Ұзақ жылғы адал еңбегі үшін ол «Қызыл Жұлдыз» орденімен, «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы кезіндегі ерен еңбегі үшін» медалімен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.


Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Тюшев Христофор Евгеньевич

1905 жылы Архангельск облысы Котласс ауданы Курцев ауылында жұмысшы отбасында туған. 1921 жылы бастауыш мектепті бітіргеннен кейін жеке отбасылық шаруасымен ай-налысты. 1927 жылы Х. Е. Тюшев Қызыл Армия қатарына қабылданды. Шекара бөлімінде ол үлкен өмір мектебінен өтіп үлгірді. 1930 жылы Христофор Евгеньевичті (б) БКП қатарына кандидат етіп қабылдады. Бұл кезде елде ауылша-руашылығын жаппай ұжымдастыру басталған болатын. Х. Е. Тюшев ерікті топтың құрамында Қазақстанға жол тартады. Ол Қостанай облысы Федоров ауданы «Советский землероб» ұжымшарында қатардағы ұжымшар жұмысшысы болып жұмыс істейді. Қостанайдағы қысқа мерзімді курстарды бітіргеннен кейін Федоровта, Темірде, Ақтөбеде, Қос-танайда милиция органдарында жұмыс істейді. Партияның саясатымен бел-сенді түрде қоғамдық жұмыстар жүргізеді. 1939 жылдың тамызында Х. Е. Тюшевті Қостанай қалалық партия комитетінің үшінші хатшысы етіп сай-лайды. 1942 жылдың сәуірінде 151-ші жеке атқыштар бригадасының жау-ынгерлерімен бірге саяси жетекші Тюшевте майданға аттанады. Христофор Евгеньевич өмірінің соңғы жылдарын Рига қаласында өткізеді.


Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Уфимцев Анатолий Гаврилович

Омбыда туған. Ұлы Отан соғысы жылдары әскери гео-дезист болды. Қорғаныс ғимараттарын жоспарлауға, Кеңес-тер Одағының бірыңғай геодезия жүйесін құрастыруға, кейін Қостанай облысының атласын жасауға қатысты. Облыстық атқару комитетінің жоспарлау бөлімінде жұмыс істеді. Ана-толий Гаврилович шахматтан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, белгілі шахматшы-теоретик, КСРО спорт шебері, Қазақ КСР он бір дүркін чемпионы, Орта Азия мен Қазақ-станның бес дүркін спорт шебері. Қатарлай ойнау жүйесінің авторы, оның енгізген жүйесіне «Уфимцев қорғанысы» атауы берілген. Бү-кілодақтық дәрежедегі төреші.
Медальдармен марапатталған.


Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Үкін Кенжебек Үкіұлы

1940 жылы 26 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы Күр-шім ауданының Қойтас ауылында туған. 1962 жылы Абай ат. Алматы мемлекеттік педагогикалық институтының физика-математика факультетін бітіреді. 1982 ж. Семей зооветерина-рия институтын және 1988 ж. жоғарғы партия мектебін үздік бағаға бітіріп шығады. Еңбек жолын 1962 ж. физика пәнінің оқытушысы болып бастады. 1962 - 1964 жж. Кеңес Армиясы қатарында қызмет етті. Комсомол, кеңес және партия жұмыс-тарында болды. 1987 ж. Қостанай облисполкомның төрағасы болып сайла-нып, 1990 ж. тамызында Торғай обкомының бірінші хатшысы болып тағай-ындалады. 1992 ж. ақпанда ҚР Президентінің Жарлығымен Қостанай облысы әкімшілігінің басшысы болып тағайындалады. 1993 ж. желтоқсанынан об-лыстық тұрғындарды әлеуметтік қорғау басқармасын, облыстық экономика басқармасын, кейін мемлекеттік қызметтер істері облыстық басқармасын басқарды. Қазақ КСР ХІ және ХІІ шақырылған Жоғарғы Кеңесіне депутат болып сайланды.
Қазақстанның тәуелсіздігі декларациясын, Республика Конституциясын қабылдауға, Қазақстанның бірінші Президенті Н. Ә. Назарбаев болған бүкіл-халықтық сайлауды ұйымдастыруға тікелей қатысты.
«Құрмет» орденімен марапатталған.


Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Хакімжанова Мәриям

Қостанай обл. Қостанай ауд. Қобыланды ауылында ту-ған. Жұмысшылар факультетінде оқи жүріп (1931 - 1932 жж.) ол «Әйел бостандығы» журналында (1929 - 1932 жж.) әдеби қызметкер және жауапты редактор болып істеді (1932 - 1934 жж.).
Ақынның алғашқы өлеңі 1929 жылы, ал бірінші жинағы 1935 жылы жарыққа шықты.
Мәриям Хакімжанова 1935 - 1937 жылдар аралығында Орынбор облысы Дамбар ауданында кітапхана меңгерушісі болып істеді. 1939 - 1944 жж. Қазақстан жазушылар Одағындағы халық ақындары бөлі-мінің меңгерушісі міндетін атқарды. 1945 - 1959 жж. Қазақстан мемлекеттік көркем әдебиет баспасында жұмыс істеді. Ақынның өлеңдері орыс, өзбек, қа-рақалпақ, қырғыз, қытай, белорус, армян және бірнеше басқа да тілдерге ау-дарылды.
Мәриям Хакімжанованың шығармашылыққа толы еңбегі «Құрмет грамо-тасы», «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен және бірқатар медальдармен атап өтілді. 1986 ж. оған «Қазақстанның халық жазушысы» атағы берілді.


Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Страницы: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus