Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Телерадиожурналистика: теория, тәжірибе, түйін
76.0я73
Қ 13
Қабылғазы, К.
Телерадиожурналистика: теория, тәжірибе, түйін [Мәтін] : оқулық / К. Қабылғазы. – Алматы : Қазақ университетi, 2017. – 210 б.

Оқулықта телерадионың ерекшеліктері, оны пайдаланудың маңызы мен қажеттілігі, қазіргі қоғамдағы саяси, экономикалық, құқықтық, мәдени рөлі мен мәні ашылуға тиісті жайлар қарастырылған. Қазақстанда телерадиохабар таратудың даму кезеңдері, құрылымы, оның жанрлары мен пішіндері, телерадиохабарларды әзірлеудің әдіс-тәсілдері, әуе толқынындағы ақпараттың мазмұны мен оны байытудың жолдары ұсынылады.

Телерадио компаниялары үшін хабарлар даярлайтын, өңдейтін және тарата алатын болашақ мамандардың біліктілігін қалыптастыру жолындағы тәжірибелік тәсілдер сипатталған. Телерадио арналарында жұмыс істеуге лайық қабілетті мамандарды қалыптастыруға, қажетті ақпаратты табу мен жаза алуға дағдыландыруға, әр түрлі жанрлар мен стильдерді қолданып хабарлар жасауға бейімдеуге, тікелей эфирде бағдарлама жүргізуге және телерадиоақпараттың сапасын бағалай білуге бағыттауға бейімдеу сияқты мәселелерге көңіл бөлінген.

БАҚ жүйесіндегі телерадионың өзіндік ерекшелігін, телерадионың бейнелеуші құралдарын, әлемдік және қазақстандық телерадиотарату ісінің тарихын, телерадиожурналистиканың жанрлары мен пішіндерін, телерадиожурналист қызметін реттеудің қазіргі заманғы құқықтық жүйесі, телерадиотыңдарман психологиясын және оларды кеңінен тартудың әдіс-тәсілдерін меңгеруілеріне орай тәжірибелік сабақтар да қарастырылған.

Оқулық ҚР Білім және ғылым министрлігі бекіткен базалық оқу бағдарламасына сай орындалған. Журналистика факультетінің студенттеріне, оқытушыларына, өздігінен электронды журналистиканың қыр-сырын үйренушілерге, сырттай оқитындарға арналады. Еңбек көп жылғы тәжірибені негізге алып, өңделіп жазылған. Оқулықта телевизия және радиожурналистика ғылымын зерттеуші ғалымдардың еңбектері және кәсіби журналистердің тәжірибелері пайдаланылды.



Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus