Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Әр алуан әдебиетшілер
12.03.2018

2018 ж. 7 наурызында кітапхана қонақжайында қостанайлық ақындардың, прозашылардың, музыканттардың, бардтардың «Әр алуан әдебиетшілер» нысанындағы бейресми кездесуі болып өтті. Шара көктемнің келуіне, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне және жақында болатын 21 наурыз – Дүниежүзілік поэзия күніне орайластырылды.

Қаланың әдеби бірлестіктерінің тұрақты авторлары, белгілі бардтары мен музыканттары жайма-шуақ достық ахуалда өздерін және өздерінің шығармашылығын таныстырды, бір-бірінің шығармасын талқылап, тыңдаушыларына жақсы көңіл күй сыйлады.  Қаланың Анатолий Корниенко, Алексей Олексюк, Светлана Маньшина секілді танымал ақындарымен қатар өлең жазуды енді бастап жүрген Екатерина Павлова, Нелла Тажикова секілді жас ақындар өздерінің өлеңдерін оқыды. Кездесудің музыкалық бөлігі Дмитрий Коройдың, Дмитрий Говорковтың, Олжас Мурсалиннің,  Татьяна Ковальская мен Елена Коршун дуэтінің, сондай-ақ «Территория Ра» рок-тобының орындауындағы тамаша әндерден тұрды.

Кеш ақындардың өздерінің өлеңдерін «Территории Ра» музыканттары ұсынған әуендерге салып оқуымен аяқталды.

Кітапхана қызметкерлері мұндай «Әр алуан әдебиетшілерді» тұрақты өткізуді, олардың келушілері мен қатысушыларының санын арттыруды жоспарлап отыр.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus