Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Сабырыңды алған сұлулар
02.03.2018

Көктемнің керемет мерекесі, 8 наурызда келетін Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында әмбебап оқу залында адам адам болғалы шешімі табылмай келе жатқан мәңгілік жұмбаққа – әйелдерге арналған мерекелік көрме безендірілді.

«Әйгілі әйелдер галереясы» деп аталатын бірінші бөлімде түрлі кезеңнің есімі әлемге әйгілі болған әсем жандарының өмірі мен қызметі және шығармашылығы жайында жазылған басылымдар қойылған. Бұл бөлімнің кейіпкерлері – тарихта елеулі із қалдырған әйелдер. Ол үшін олар өздерінің ең жақсы қасиеттерін – ақылын, күш-қуатын, ерік-жігерін, дарыны мен әйелдік әдемілігін пайдаланды. Олардың ішінде әртістер, мемлекет қайраткерлері, жазушылар мен аналар да бар.

«Әдемілік әлемінде» деп аталатын екінші бөлім оқырмандарды әйелдер үшін қызықты болып табылатын түрлі тақырыптағы кітаптар коллекциясымен таныстырады.

Көктемнің, махаббат пен сұлулықтың мерекесі жайындағы біліміңізді толықтырғыңыз келе ме? Олай болса, 30 наурызға дейін жұмыс істейтін біздің көрмемізді көруге асығыңыз. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus