Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Құрметті оқырмандар!
01.02.2018

Әмбебап оқу залында белгілі жазушы, сыншы және аудармашы Зейнолла Серікқалиевтің 80 жылдығына арналған «Сөзі қалған артында: ғалым, әдебиет сыншысы Зейнолла Серікқалиев туралы бір үзік сыр» кітап көрмесі жұмыс істейді.

Зейнолла Серікқалиев – көрнекті әдебиет сыншысы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстанның Мемлекеттік және «Алаш» халықаралық сыйлықтарының лауреаты. Әдебиет сыны жайындағы оннан аса кітаптың авторы, оның «Мудрость познания» еңбегі Білім және ғылым министрлігінің арнайы бағдарламасына енгізілген және жоғары оқу орындары үшін оқу құралы ретінде ұсынылған. Оның кейбір ғылыми жұмыстары неміс, түрік тілдерінде жарияланған.

Зейнолла Серікқалиев Қазақстан Жазушылар одағының Сын жөніндегі кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Әдебиет, өнер және архитектура бойынша мемлекеттік сыйлық жөніндегі комиссияның мүшесі, БҰҰ Көмек қауымдастығы басқармасының мүшесі болды.  ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің құрмет грамотасымен, «ҚР Тәуелсіздігінің 10 жылдығы» медалімен марапатталған.

ХХ жүз жылдықтың екінші жартысындағы әдеби сынның жарқын өкілі ретінде Зейнолла Серікқалиев Қазақстандағы кәсіби сынның дамуына зор үлес қосты, артына баға жетпес рухани және зияткерлік мұра қалдырды. 

Көрмеге автордың  шығармалары, оның өмірі мен шығармашылығы жайындағы әдебиеттер қойылған. Барлығыңызды біздің көрмемізді тамашалауға шақырамыз.  

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus