Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Достық шаңырағы. 2018 жыл – Қазақстандағы Өзбекстан жылы
19.01.2018

Біздің тіліміздің, мәдениетіміздің, дініміздің түбі бір, сол себепті бізге ынтымақтастықтан басқа жол жоқ. Өзара әрекеттестігіміз тиімді болуы үшін нақты іс-қимыл, өзара шынайы қолдау қажет. 

Н.Назарбаев

2018 жыл  Қазақстандағы Өзбекстан жылы болып жарияланды.  «Біздің мәдени-гуманитарлық байланысымыз елдер арасындағы достық қарым-қатынастың маңызды факторы болып табылады. Біз 2018 жылы Қазақстанда Өзбекстан жылын өткізу туралы келісім жасадық. Күн тәртібінде сондай-ақ Өзбекстанда Қазақстан жылын өткізу тұр. Осының аясында туыстар елдерді одан ары жақындастыра түсетін түрлі шаралар ұйымдастырылатын болады»,- деп атап өтті Н.Назарбаев 2017 жылдың қыркүйегінде мемлекеттік сапармен Ташкентте болған кезінде. 

Абонементтер бөлімі оқырмандар назарына аталған оқиғаға арналған кітап көрмесін ұсынады. Көрмеге қойылған басылымдар Өзбекстанның бай тарихи және мәдени мұрасын паш етеді және екі мемлекеттің тығыз байланысы мен болашақтағы ортақ жоспарлары жайында баяндайды.

Көрме өзінің жұмысын 2018 жылдың маусымының аяғына дейін жалғастыратын болады. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus