Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Ұлттық ерекшеліктерді әдеби білім арқылы дамыту»
13.10.2017

Л.Н.Толстой ат. облыстық кітапханада «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалымен бірлесе ұйымдастырылған «Өлкетану туған жер көлеміндегі отаншылдықтың рухани негізін қалыптастыру құралы» тақырыбымен халықаралық өлкетану форумының жетінші алаңшасы болып өтті.

 Педагогтар, кітапханашылар, тарих, өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері, әдебиетшілер қатысқан пікірсайыстың тақырыбы ретінде «Ұлттық ерекшеліктерді әдеби білім арқылы дамыту» алынды.

Әңгіме Президенттің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына, ондағы жария етілген «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» және «Біздің қазіргі кездегі мәдениетімізді, ғылымымызды әлемге таныту» жобаларына сай өрбіді.

Баяндамашылар бірқатар бағдарламалық мәселелерді көтерді. Философия кафедрасының профессоры, ф.ғ.к., ҚМУ доценті Қ.Х.Жақып ұлттық ерекшеліктің теориялық негізделуі және әрбір қазақстандықтың аталған міндетті шешуге қатысты екендігі жайлы мәселе көтерді. Бастаған әңгімені одан ары жалғастырған ф.ғ.к., ҚМУ философия кафедрасының доценті Ю.Я.Бондаренко Қазақстан жерінде тұрып жатқан әр халықтың этникалық ерекшелігіне де тоқталып өтіп, Қазақстан жерінде өмір сүріп жатқан, өзін өз үйінде тұрып жатқандай және қолынан бірдеңе келетінін сезінетін әр адамның еліміздің дамуына қосатын жеке үлесі туралы айтып өтті. Қостанай өңірінің өлкетану саласындағы әдеби мұрасының маңызы аталып өтілді және өңірдің барлық шығармашылық жобалары мен тұлғаларының есімдерін сақтау міндеті жүктелетін Әдеби-көркем мұражай жасаудың қажеттігі жайында пікір білдірілді.

Кітапхана атқарып жатқан өлкетану жұмыстарының барлық саласын, сондай-ақ өңірдің әдеби білімін сақтау және оны әлемдік кеңістікке шығару бойынша істеп жатқан жұмыстарын ашып көрсеткен Л.Н.Толстой ат. облыстық әмбебап кітапхананың директоры, кітапханалық-ақпараттық ресурстар магистрі Д.Т.Дүйсебаеваның баяндамасы да алдындағы пікірлермен үндесіп жатты.

Президенттің жобаларын насихаттауға ауыл жастарының – «Ауыл» партиясы мүшелерінің қандай үлес қосқандарын және олардың «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына қатысуы жайындағы ақпаратты ұсынған «Ауыл» партиясының үйлестірушісі А.М.Куйшинованың баяндамасы білімді гуманитарлық бағытқа бұрудың және жастарды әдеби білімге тартудың нағыз көрнекі құралы болды. Біздің облыстың және жалпы Қазақстанның материалдары бойынша өзіміздің ТАӨ сериясын жасау жөніндегі ұсыныс та қызықты болды.

Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК әдеби-ақпараттық бөлімінің жас кітапханашысы Ж.Кенжеғұлдың «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының маңыздылығы мен бұл жобаның жастарға беретін пайдасы жайындағы баяндамасы ерекше қызығушылық тудырды.

Президент айтып жүрген ұлттық кодты таратушы болып табылатын Ы.Алтынсаринның шығармашылығына ұқыппен қарау керектігі жайындағы Ұ.М.Рыщанованың баяндамасы да жиналғандар тарапынан қолдау тапты және оның есімі «Біздің қазіргі кездегі мәдениетімізді, ғылымымызды әлемге таныту» жобасына енгізіледі деген үмітті тудырды.  

«Өрлеу» БАҰО» Қостанай облысы бойынша ПҚБАИ АҚ филиалы кітапханасының меңгерушісі  Л.А.Федас жиналғандарды «Алтынсаринды оқимыз» онлайн-жобасының іске қосылғандығы және «Туған жер» тақырыбымен жаңа цифрлық білім беру ресурсының жарыққа шығарылғандығы жайында хабардар етті.

Жиын соңында оған қатысушылар біздің барлығымыздың Президенттің тапсырмаларын орындауға құр қол келмегенімізге келісіп, жиналған бай қорымыз, өлкетанушылық материалдарымыз бар және оларды әлемге танытуға дайынбыз деген пікірге келді.  

Л. Федас

Д. Дүйсебаева

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus