Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Сырбай Мәуленов – ұлы ақын және патриот
27.09.2017

Кітапханада халық жазушысы, Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, А.Фадеев атындағы күміс медальдің иегері, Қостанай қаласының құрметті азаматы Сырбай Мәуленовтың туғанына 95 жыл толуына арналған әдеби кеш болып өтті. Қазақ ақынның есімі көпшілікке жақсы таныс. Ақынның көзі тірісінде оқылған өлеңдері әлі күнге оқылып келеді.

Ол әдебиетшілер қауымы мен оқырмандардың жоғары бағасын алған қырықтан астам өлеңдер жинағының, бірқатар публицистикалық кітаптардың, аудармалардың авторы болып табылады. Ақынның лирикасы азаматтығымен, терең ойлылығымен, ойының кеңдігімен ерекшеленеді.

Абонементтер бөлімінің қызметкерлері дайындаған кеште сөз сөйлеген шараға қатысушылар Сырбай Мәуленовтың қазақ әдебиетінің классиктерінен бата алғандығын, оның өмірі мен шығармашылығының жастарды шыншыл, адамгершілікті ту еткен, әділ және отанын сүйетін тұлға етіп тәрбиелеуге арналғанын атап өтті. Оның поэзиясы ұлы Абайдың өлеңдерімен үндесіп жатыр, олар терең ойлы, бейнелі және тұжырымды болып келеді.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus