Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Әлем таныған Әуезов» дөңгелек үстелі
21.09.2017

Әмбебап оқу залында жазушы, қоғам қайраткері, Қазақстан ҒА академигі, профессор Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың 120 жылдығына арналған «Әлем таныған Әуезов» атты дөңгелек үстел өткізілді. Шараға қаланың зиялы қауым өкілдері, ЖОО оқытушылары мен студенттері қатысты. 

Белгілі ақындар Серікбай Оспанов пен Ақылбек Шаяхмет ұлы жазушының ауыр тағдыры және шырғалаңға толы шығармашылық жолы туралы әңгімелеп берді. 

Мұхтар Омарханұлының өзі туралы, өзінің музыкаға, домбыраға қатысты пікірі жайында әңгімелеген бейнефильмдер көрсетілді.

Ш.Қабылбаев ат. Қостанай заң академиясының мұражайында бірегей экспонат – арнайы тапсырыс бойынша дайындалған М.Әуезовтың домбырасы сақтаулы тұр. Аспапты аудиторияға алып келген Қостанай академиясының тәрбие жұмыстары жөніндегі бөлімінің басшысы полиция полковнигі Б.Құрманғалиева оның тарихы туралы айтып берді.  Домбыра жайындағы әңгіме академия курсанты Сүндет Бексұлтанның қазақтың ұлы жазушысының домбырасымен керемет күй орындап беруімен жалғасты. Шара өлкетану және зерттеу жұмыстарына деген тұрақты қызығушылықты қалыптастыруға бағытталды. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus