Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Алғашқы төтенше және өкілетті елші
16.08.2017

2017 жылдың 15 тамызында Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК әмбебап оқу залы кеңестік, қазақстандық партия қайраткері, дипломат, төтенше және өкілетті елші дәрежесі бар Мәлік Сабырұлы Фазыловтың туғанына 90 жыл толуына арналған ақпараттық сағат өткізді.

           Дипломатия өркениетті соғыстың нәзік қаруы деген ұғым қалыптасқан. Жерлесіміз Мәлік Фазыловтың өмірі мен еңбек жолы  оған айқын үлгі бола алады.  Дипломатиялық қызметін ол 1976 жылы Малиде бастап, 1990 жылы Мароккода аяқтады. Еңбек еткен жылдары Мәлік Сабырұлы жоғары марапаттарға ие болды, ол Малидің "Офицер" ұлттық орденімен және Алауиттердің корольдік әулетінің І дәрежелі "Үлкен лента" орденімен марапатталды.           

     Елшінің Отаны да оның еңбегін елеусіз қалдырған жоқ, ол екі рет Еңбек Қызыл Ту орденімен, Халықтар достығы және "Құрмет белгісі" ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталды.  Мәлік Сабырұлы өнегелі де жарқын өмір сүрді.

         Орталық сквердің сахнасында өткен ақпараттық сағатта осылар және тағы басқалар жайында айтылды. Шараға қосымша ретінде дипломаттың өмірі мен еңбегінен хабар беретін материалдар қойылған кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus