Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Кітапхананың экстремизм мен терроризмге қарсы жүргізіп жатқан жұмыстары» облыстық семинары
28.06.2017

Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК 2017 жылдың 28 маусымында қазіргі кездің ең бір өзекті және күрделі тақырыбына – діни экстремизм мен терроризм мәселесіне арналған семинар болып өтті.

Семинарға қатысушыларға қазіргі кездегі діни экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет етудің заң аясында жүргізілуі туралы Қостанай облысы ІІД аға оперативтік уәкілі, полиция майоры   Г.Р.Досмаилова айтып берді.

Қазақстандағы қазіргі кездегі діни ахуал радикалды діни қауымдастықтардың пайда болуымен және күшейе түсуімен, дәстүрден тыс дін орталықтарының белсенді жұмыс істеуімен, шетелдік миссионерлік қозғалыстар ықпалының артуымен және сектанттық ұйымдардың жастар арасында кеңейе түсуімен сипатталады. Сондықтан да бұл мәселе қоғам үшін аса қауіпті болып табылады.  Мұның неге алып келетіні жайында Қостанай облысы әкімдігінің діни істер бойынша басқармасының аға маманы Н.М.Әбішев әңгімелеп берді.

Дінге тарту және одан шығармаудың психологиялық әдістері туралы «Қостанай облысының психологтар қауымдастығы» ҚҚ психологы және төрағасы Ю.А.Калюжная әңгімеледі.

Әулиекөл, Қостанай және Сарыкөл аудандық ОКЖ қызметкерлері оқырмандар арасында терроризм мен діни экстремизмнің таралуының алдын алудың жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.

Аталған жұмыстың Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК қалай ұйымдастырылғаны туралы өз баяндамасында әмбебап оқу залының меңгерушісі А.Қ.Минасова айтып берді.

Семинардың екінші бөлімінде тренинг өткізілді.


Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus