Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Мағынасы мол балалар кітабы
04.04.2017

Халықаралық кітаптар бөлімі кітапхана оқырмандарын 2017 жылдың сәуірі мен маусымы аралығында өтетін «Балалық шағыңды еске түсірер шығармалар» көрмесіне шақырады.

«Балалар кітабын оқымай, ержетуге болмайды»,- деген екен Олдос Хаксли. Шынында да балаларға арналған ең жақсы кітаптар балаларға ғана арналмаған деуге болады.  Оларда барлығы: махаббат та, достық пен сиқырлық та шынайы, сондықтан күнделікті күйбең тіршіліктен бір сәтке болса да арылу мақсатында балалар кітаптарын оқып және қайта оқып отырған үлкендер үшін де пайдалы.

Көрменің бөлімдері оқырмандарды балалар үшін жазылған, алайда үлкендердің ғана түсінуі мүмкін тұспалмен айтылған ойы бар кітаптармен таныстырады. Көрмеге классикалық шығармалармен қатар, қазіргі кездегі авторлардың да еңбектері қойылған. Бұл жерге әркім өзінің жасына сай жаңаша қабылдайтын және бағалайтын басылымдар жинақталған. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus