Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Қостанайлық фотограф И.Я. Вальтердің «Арман қала - Астана» көрмесі
14.12.2016

14 желтоқсан күні Л.Н. Толстой ат. ОӘҒК өнер бөлімі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу қарсаңында қостанайлық фотограф Игорь Яковлевич Вальтердің «Арман қала - Астана» көрмесін ашты.

Елорданы Астанаға көшіру тәуелсіз Қазақстанның тарихи жетістігінің, гүлденуі мен жасампаздық әлеуетінің бұлтартпайтын және жарқын айғағы болды. Фотосуреттердегі қала бейнесінен Астананың қала ретінде қалыптасқанын және жұрт қызығарлық жетістіктерге жеткенін көруге болады.  Астананың гүлденуі Қазақстанның гүлденуі болды. 1999 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен оған «әлем қаласы» мәртебесі берілді. И.Я. Вальтер осы бір ерекше оқиғаның ортасында болды, ал 2012 жылы ол үздік фотографтардың қатарында екі апталық фотосессияға қатысуы үшін астанаға шақырылды. Игорь Яковлевичті бәрінен бұрын алғаш рет суретті жарықпен түсіруге рұқсат берген Бейбітшілік және келісім сарайы, сондай-ақ Тұңғыш Президент мұражайы ерекше таңдандырды. Бұл туралы ол кітапхана фойесіне жиналған №30 орта мектебінің оқушыларына айтып берді.

Көрмеге 21 тамаша фотожұмыс қойылған. Олардың әрқайсысы эмоционалдығымен, жаңашылдығымен, автордың қарапайым және күнде көріп жүрген заттарды өзгеше қырынан көрсете білуімен ерекшеленеді. Суреттерде басы артық зат жоқ, сонымен қатар әдейі де ештеңе істелмеген – барлығы табиғи, әдеттегі күнделікті өмірді бейнелейді.  

 Фотосуреттер астананың күнделікті өмірі мен оның архитектурасының әсемдігін паш етеді. Алайда көрмеге қойылған барлық фотосуреттердің басты кейіпкері бейбіт және келісімде өмір сүріп жатқан, өздерінің Президентімен бірге қуатты егемен мемлекет құрып жатқан Қазақстан халқы болып табылады. 

            Шара соңында Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «В сердце Евразии» кітабы бойынша түсірілген осы аттас деректі фильмі көрсетілді. 


Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus