Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Тәуелсіздіктен – Мәңгілік Елге»
25.11.2016

Л.Н.Толстой ат. облыстық кітапханада 24 қараша күні 2016 жылдың басты оқиғасы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздіктен – Мәңгілік Елге» атты кітап көрмесіне шолу өткізілді. Көрме Қазақстан егемендігінің мерейтойына орайластырылып отыр.

«Тәуелсіздіктен – Мәңгілік Елге» көрмесі тәуелсіз Қазақстанның Қазақ хандығы құрылған кезеңнен бастап біздің кезеңге дейінгі аралықта орын алған маңызды оқиғаларын баяндайды, Қазақстан Республикасының тұрақты даму кезеңдерін көрсетіп береді. 

Экспозиция 4 бөлімнен тұрады: «Ғасырлар қойнауынан жеткен тарихи тағылым», «Қазақстандық жол: Тәуелсіздік хроникасы», «Тарихтар толқынындағы Президент жолдауы», «Әлем таныған Қазақстан».

Көрменің негізгі мақсаты мен міндеттері: тарихтың мәнмәтіні шеңберінде қазақ мемлекеттілігінің көп ғасырлық тарихын көрсету, тәуелсіз Қазақстанның даму тарихын көрсету.

Экспозиция Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК ақпараттық-кітапханалық ресурстарын, тәуелсіздік жылдары ішінде шығарылған әдебиеттерді насихаттауға бағытталған.  Көрмеге Елбасының «Ұлт жоспары – бес президенттік реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» бағдарламалық құжаты, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына 2015 жылдың 30 қарашасында арнаған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» жолдауы және т.б. қойылған.

«Мәңгілік Ел» ұлттық идея аясында өскелең ұрпақтың бойында отаншылдық сезімін қалыптастыруға бағытталған көрмеге  Қостанай әлеуметтік гуманитарлық колледжінің студенттері мен оқытушылары қатысты.

Көрмеге Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК қорынан алынған 150 астам кітап пен мерзімді басылымдар, сондай-ақ жерлесіміз Анатолий Дмитриевич Щепотьев жасаған Астанадағы әсем ғимараттардың пішіндері қойылған.

Тұрақты жұмыс істейтін экспозиция өзінің түрі бойынша тақырыптық, стационарлық болып табылады және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған бірқатар мәдени-ағартушылық шараларды ашатын болады.  Көрме келушілер үшін жыл бойы жұмыс істеп тұр. 

Барлық тілек білдірушілерді «Тәуелсіздіктен – Мәңгілік Елге» кітап көрмесімен танысуға шақырамыз.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus