Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Эколог – болашақтың мамандығы
18.11.2016

2016 жылдың 16 қарашасында әмбебап оқу залында «Эколог – болашақтың мамандығы» тақырыбында кездесу өтті.

Аталған шараның мақсаты – Қазақстан және Қостанай облысы аймағындағы экологиялық проблемаларға оқушылардың назарын аудару және кітапханаға жаңа оқырмандар тарту.

Еліміздің қолда бар байлығын сақтау, оны тиімді пайдаланып, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету арқылы жарқын болашақта өмір сүру өзіміздің қолымызда. Кездесу барысында Қостанай облысы Экология департаменті мемлекеттік бақылау бөлімінің мемлекеттік экологиялық инспекторы Сергей Талғатұлы Мукашев облыстағы өнеркәсіптік кәсіпорындарға жүргізілетін экологиялық бақылау жайында әңгімеледі.

ҚМУ экология кафедрасы және медицина колледжінің студенттері «Жер экологиясы», «Наурызым қорығы» бейнероликтерін тамашалап, «Біз және біздің жеріміз» атты кітап пен мерзімді басылымдар көрмесін тамашалады.

Соңғы жылдардағы табиғи апаттардың орын алуы экологиялық ағартушылықтың өзектілігін айқындайды, осы бағытта кітапхана жұмысында экологиялық тәрбие беру маңызды шараға айналып отыр.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus