Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК Қостанай облысының 80 жылдығына арналған «Туған жерім – тал бесігім» көпшілік шаралар сценарийінің облыстық байқауы өзінің мәресіне жетті.
11.11.2016

Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК Қостанай облысының 80 жылдығына арналған «Туған жерім – тал бесігім» көпшілік шаралар сценарийінің облыстық байқауы өзінің мәресіне жетті.

Байқау Қостанай облысының кітапхана қызметкерлерінің арасында өтті. Байқаудың мақсаты – оқырмандардың түрлі санатының арасында мәдени-демалыс шараларын өткізуді жандандыру, көпшілік шаралардың дәстүрден тыс түрлерін іздестіру және енгізу, жаңа технологиялар мен инновацияларды енгізу.

Байқау маусым және тамыз аралығында жүргізілді. Оған 11 аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі, 3 қалалық, 2 облыстық әмбебап ғылыми кітапхана қатысты.  Байқауға 31 өтінім түсті. Әсіресе бірнеше жұмыстан ұсынған Денисов, Қарабалық, Сарыкөл, Ұзынкөл, Қостанай аудандық және Рудный ОКЖ кітапханашылары ерекше белсенділік көрсетті.

Сценарийлердің сапасы мен мазмұнына талдау жасап шыққан қазылар алқасы кітапханашылар демалыс шараларын өткізу барысында көбінесе дәстүрлі және көпшілік жұмыстың жұрттың көңіліне жақын түрін таңдайды деген қорытынды жасады.  Көпшіліктің көзі үйренген әдеби қонақжайлар, кештер, кітап көрмелері, танымал тұлғалармен кездесулердің танымалдығы әлі де жоғары.   Балалар мен жасөспірімдерге арналған көпшілік шараларды өткізу барысында викториналар, ойындар, «Поле чудес», «Своя игра» секілді теледидарлық берілімдер жиі қолданылады, байқаудағы жаңа жұмыстар ішінен квест-ойындарды, виртуалдық саяхатты атап кетуге болады.  Алайда, барлық байқаулардың сценарийлерінен жаңа технологияларды белсенді қолдануға деген талпыныс анық байқалады. Бұл кітапханашылардың көпшілік шараларды ұйымдастыру кезінде жұмыстың жаңа түрлері мен оларды өткізу әдістерінің инновациялық жолдарын іздестіруді жалғастырып келе жатқандарын көрсетеді. 

Қазылар алқасы жұмыстарды бағалау кезінде ойдың шығармашылық тұрғыдан ұсынылуына және идеяның өзіндік ерекшелігіне, сценарийдің көркемдік-эстетикалық деңгейіне, жаңа технологиялардың қолданылуына, көпшілік шараларды өткізу кезіндегі сахналық шеберлік дағдыларына ерекше назар аударды.

 Көпшілік шаралардың сценарийі байқауына талдау жасай отырып кітапханашылар демалысты ұйымдастырудың барлық саласында инновациялық ізденісті жалғастырып келе жатыр, жұмыстың жаңа түрлері мен әдістерін сынақтан өткізу үстінде деген қорытынды жасауға болады.

 

     Көпшілік шаралардың үздік сценарийлері болып танылғандар:

«Край мой – гордость моя!» (кітап көрмесінің көрсетілімі) – Рудный ОКЖ, Пономарева Наталья Анатольевна (139 балл) – III орын

«Земля хлебных нив и природных богатств» (кітапханалық «Поле чудес») – Қарасу ОКЖ, Лейсле Наталья Алексеевна (140 балл) – II орын

«Поэтическими тропинками Карабалыкского края» (әдеби кеш) –Қарабалық ОКЖ,ФедановаРузалияРашитовна  (141 балл) – I орын

«Путешествие по родному селу» (өлкетанушылық квест-ойын) –  Ұзынкөл ОКЖ, Гаубрих Лидия Оттовна (142 балл) – Гран-при

            Ынталандыру сыйлықтарымен және грамоталармен марапатталғандар:

«Берекелі  бай өңір» (кітап-құжат көрмесінің көрсетілімі) –  Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК, Дәуренбекова Дариға Асқарқызы

«Туған жерім – тал бесігім» (зияткерлік сайысы) – № 2 ОӘҒК, Алматова Сәуле Ахметқызы

«Қостанай жері – іңкәр дала» – Қостанай қалалық ОКЖ «Северный» ҚБ, Тасмағанбетова М.М., Қонқабай К. Б.

«Пою и славлю край родной» (виртуалды саяхат) – Рудный ОКЖ, Кремер И. М., Сергазина А.М.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға келешекте шығармашылық жетістіктер тілейміз!

 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus