Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Ағарту ісінің алғашқы алыбы
04.11.2016

     «Біз қазіргімізді түсініп және болашағымызды болжап отыруымыз үшін өткенімізді есімізден шығармауымыз керек».

                                 Н. Ә. Назарбаев

 

            Кітапханада қазақтың ұлы ағартушысы және әдебиет қайраткері Ыбырай Алтынсаринның 175 жылдық мерейтойы аталып өтілді. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығында және Қостанай облысының құрылғанының 80 жылдығында оның есімі мемлекетімізді құрған тұлғаларымыздың қатарында тұр.

Ы. Алтынсаринның Қазақстанның халыққа білім беру тарихындағы орны өте зор. Ол тұңғыш халық ұстазы, қазақ жеріндегі алғашқы халық мектебін ұйымдастырушы, қазақ халқынан шыққан бірінші педагог-теорияшыл болып табылады. Оны «Қазақ хрестоматиясы», «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» секілді оқу құралдарын жазған қазақтың Ушинскийі деп атайды. Ы. Алтынсарин А. Ушинскийдің, Л. Толстойдың, И. Крыловтың шығармаларын қазақ тіліне аударды, қазақ әдебиетінде көркем аударма жанрын қалыптастырды.

         Шараға араларында ҚМПИ профессоры, Ыбырай Алтынсарин мұраларын зерттеу орталығының қызметкері Қ. Т. Орманов, ҚМПИ құрметті профессоры, Қостанай қ. құрметті азаматы, өлкетанушы, Қостанай облысының тарихы бойынша жазылған кітаптар мен монографиялардың авторы И. К. Терновой,  А.Байтұрсынов ат. ҚМУ Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы А. Е. Ералина, «Өрлеу» БАҰО» Қостанай облысы бойынша ПҚБАИ АҚФ  жұртшылықпен байланыс және баспа жұмысы бөлімінің бас маманы С.Г.Мачнева, Ыбырай Алтынсаринның Қостанай облыстық мемориалдық мұражайының аға ғылыми қызметкері В.Арменкова, Ыбырай Алтынсаринның туысы З.Ж. Жилкишенова секілді  қаламыздың көптеген танымал тұлғалары бар кісілер қатысты.

Шараны ұйымдастырушылар, кітапхананың абонементтер бөлімінің қызметкерлері барлық шараға қатысушыларды ұлы педагогтың еңбектері және оның өмірі мен шығармашылығына арналған басылымдар қойылған кітап көрмесін тамашалауға шақырды.  

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus