Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Жаңа кітаптың тұсауы кесілді
24.10.2016

Жаңа кітаптың жарыққа шығуы автор үшін де, оқырман үшін де үлкен қуаныш.

Жас ақын Мұқият Қойшыбайұлының «Еркелетікім келеді» атты  тұңғыш жыр жинағының тұсаукесері болып өтті. Мұқият Қойшыбайұлы 1984 жылы 2 маусым күні Қытай халық республикасы, Іле қазақ облысы, Текес ауданының Үлкенқұштай ауылында өмір есігін ашқан. 2005 жылы атажұртқа оралып, Арқалық қаласында білім алды. Қазіргі таңда Астанадағы С.Сейфуллин мұражайының ғылыми қызметкері. Сонымен қатар Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің магистранты.

Қалың оқырманға жол тартқан «Еркелеткім келеді…» атты жинақтың алғы сөзін мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Несіпбек Айтұлы және елімізге белгілі айтыскер ақын Айбек Қалиев жазған. Алматыдағы «Үш қиян» баспасынан басылып шыққан туындыға ақынның бұрын-соңды жарияланған өлеңдерінен тыс жаңа өлеңдері де еніп отыр. Мазмұны мен тақырыбы жағынан әр алуан. Ақынның жырларынан ата-жұртқа деген ыстық ықылас, алыста қалған туған жер, сезім жайлы, махаббат баяны жайлы сыр шертеді.

Кітапханамызда өткен тұсаукесерге қаламыздағы ЖОО студенттері, БАҚ өкілдері, сарбаздар, термешілер, жас ақындар келіп қатысты. Облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов пен кітапхана директоры Дариға Дүйсебаева кітаптың жібек бауын кесіп, жылы лебіздерін білдірсе, «Ақ қауырсын» клубының мүшелері Нұрқанат Бұқабаев, Махаббат Жарбосын   жаңа кітапқа енген ақынның өлеңдерін оқыды. Кездесуде жас ақын Мұқият Қойшыбайұлы шығармашылығымен бөлісіп, студенттердің сұрақтарына жауап берді.Мұқият Қойшыбайұлының ой-пікірлес аға-іні, құрдастары және ақын Абылай Мауданов, ҚМПИ-дың оқытушысы Өтеген Исенов жаңа жинақ туралы пікір айтты. Дәстүрлі әнші Қайрат Байбосыновтың шәкірті, ақынның астаналық досы Нұртуған Тұрсынғазыұлы және Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармонияның әншісі Талғат Молдағалиев халық әндерін орындады. Кеш соңында жас ақын Мұқият Қойшыбайұлы кітапхана ұжымына алғысын білдіріп, « Еркелеткім келеді...» кітабын сыйға тартты.

 


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ