Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Психологиялық лекция
20.10.2016

20 қазан күні Л.Н.Толстой атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада гендерлік психологияның өзекті мәселелері талқыланды.

Дәріс түрінде өткізілген кездесу барысында шараға келген кез келген кісі қонақтарға өзінің көкейінде жүрген сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. Дәріскер ретінде Психология және педагогика кафедрасының аға оқытушысы Гүлнар Сатқанғұлова баяндама жасады. «Гендерлік психология мәселелері», «Ұлтаралық қатынастардың қанағаттандыруын зерттеу», «Жұбайлар жарастығы» және «Балалар мен ата-аналардың қарым-қатынасы» секілді тақырыптар талқыланып, түрлі пікірлер ортаға салынды.

Кездесуге дәрістің кәсіптік бағыты бойынша да берері көп болғандықтан медициналық колледждің студенттері шақырылды. Кездесу шараға қатысқан жастардың көңілінен шығып, олардың қызығушылығын тудырды.                                                                                                                                     


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ