Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Әдістемелік қызметтің қазіргі кездегі тактикасы мен стратегиясы» облыстық семинары
01.06.2016

2016 ж. 30 мамырында Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК кітапхананың кәсіби жұмысындағы маңызды бағыттардың бірі – әдістемелік жұмысқа арналған семинар болып өтті. Шараға облыстық, қалалық және аудандық кітапханалардың әдіскерлері шақырылды.

Қазіргі кезде кітапхана жұртшылығын әдістемелік жұмысқа жетекшілік етудің мәні, кітапхана ісін басқару жүйесіндегі орны, әдістемелік жұмыстарға басшылық етудегі кемшіліктер, олардың себептері мен салдары, әдістемелік жұмыстың тиімділігін арттырудың жолдары көбірек мазалайды. 

Сондықтан да семинарға «Әдістемелік қызметтің қазіргі кездегі тактикасы мен стратегиясы» деген тақырып таңдалды.

Семинар барысында Қостанай мемлекеттік кітапханалары әдіскерлерінің статистикалық есепті құрастырудағы мәселелеріне ерекше көңіл аударылды.

         Кітапханашылардың шығармашылық қабілеттерін ынталандыру жолдары туралы Рудный қ. ОКЖ әдістемелік-библиографиялық бөлімінің меңгерушісі Городничая Светлана Вячеславовна әңгімеледі.

            Қостанай ауданы кітапханаларының жемісті даму жолындағы ізденістері туралы Қостанай аудандық ОКЖ әдістемелік-библиографиялық бөлімінің меңгерушісі Черняк Ольга Николаевна бөлісті.

            Кітапханаларды дамыту бөлімінің меңгерушісі Калюжная Марина Юрьевна өз баяндамасына Сарыкөл ОКЖ ауылдық кітапханаларының жұмысына әдістемелік қолдау көрсетудің тәжірибелері туралы хабарлап өтті.

Арқалық қ. №2 ОӘҒК Торғай өңірінің кітапханалары үшін ертеден-ақ әдістемелік орралықтың рөлін жемісті атқарып келеді. Кітапхана қызметкерлері Амангелді, Жангелді және Арқалық қалалық ОКЖ кітапханалары үшін семинарлар, шеберлік сыныптарын өткізіп келеді, ауылдық кітапханаларға іссапарларға шығып тұрады.

        Аталған жұмыстың қалай ұйымдастырылғаны жөнінде Арқалық қ. №2 ОӘҒК ӘББ меңгерушісі Ахметжанова Әсем  Қабдуәліқызы «Әдістемелік орталық – рухани орда жұмысын үйлестіруші» баяндамасында айтып берді.  

         Ы.Алтынсарин ат. ОБЖК қызметкерлерінің қалайша қызықты инновациялар ортасында жүретіндігі туралы семинарға қатысушылар  Ы. Алтынсарин ат. ОБЖК ҒӘБ меңгерушісі Байгенжина Сымбат Мұқатқызының«Әдістемелік жұмыстың екі бағыты: мәселелер және шешу жолдары» баяндамасынан естіп білді.

Семинарға қатысушылардың назарына Қостанай облысының 80 жылдығына арналған «Берекелі бай өңір» кітап көрмесінің бейнекөрсетілімі ұсынылды.

Семинардың жұмысына Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының мәдениет ұйымдарымен жұмыс бөлімінің жетекшісі Шевко Ирина Викторовна қатысты.

Семинарға дайындық барысында Кітапханаларды дамыту бөлімінің қызметкерлері әр ОКЖ «Әдіскер жұмысының жетістігі» және  «Директордың әдіскері жайындағы пікірі» атты екі сауалнама жолдады. Сауалнамалардың нәтижесімен Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК КДБ сектор меңгерушісі Бурцева Галина Аркадьевна таныстырды.  

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus