Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Өлкетанушының ашық дәрісі
27.05.2016

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні қарсаңында  «Оқымыстылар ортамызда» клубы жұмысының аясында 26.05. Л.Толстой ат. Қостанай ОӘҒК конференция залында «Тұлғаларды қуғындаудың тарихи дәстүрі» тақырыбымен отставкадағы подполковник,  ҚР ҰҚК ардагері, өлкетанушы А.В.Каратаевтың ашық дәрісі болды. 

Толық жиналып бітпеген мәліметтер бойынша облысымыздың 7 мыңға жуық адамы қуғын-сүргінге ұшыраса, олардың 2 мыңнан астамы жазалаудың жоғары түрі – ату жазасына кесілген.   

Александр Васильевич Каратаев Қостанай облысы ІІД оқу орталығының тыңдаушыларын өңірімізде орын алған саяси қуғын-сүргін оқиғаларының тарихи хронологиясымен таныстырды.

Кездесудің арнайы қонағы, подполковник,  ҰҚК ардагері, бірнеше кітаптың авторы Ғалихан Нұржанұлы Мәулетов өзінің зерттеулері жайында, қуғынға ұшыраған жерлестеріміздің туған-туыстарымен болған кездесуі жайында айтып берді. 

Кітапхананың белсенді оқырманы Борзенкова Светлана Петровна қуғын-сүргін кезеңінің өзінің отбасына қалай келгені жайында әңгімеледі.

     Тарихи материалдар қойылған «Қасіретті кезеңнің жүректі жылатар жылнамасы» кітап көрмесі кездесуге келгендердің ерекше қызығушылығын тудырды.

Кездесуді жүргізген Н.Штанько шара соңында қонақтарға ризашылығын білдіріп, жас ұрпақтың жазықсыз жазаға ұшырағандарды жадынан шығармасына, оларды құрметпен есіне алып жүретініне және мұндай қасіретті кезеңнің қайталанбауы үшін қолдан келгеннің барлығын жасайтынына сенім білдірді. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus