Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Булгаков көктемі»
24.05.2016

«Мастер и Маргарита»- 15 мамырда 125 жылдығы аталып өтілетін орыс жазушысы, драматург, театр режиссері және актері Михаил Афанасьевич Булгаковтың атақты романы. Сол себепті де көптеген әдебиетшілер мен оқырмандар үшін мамыр айы Михаил Булгаковтың есімімен байланысты. Ай бойы көптеген қалаларда «Булгаков көктемі» аясында түрлі шаралар өткізілуде.

20 мамыр күні әдеби қонақжайға ХХ ғасырдың жұмбақ та айналасы аңызға толы жазушысының шығармашылығын құрметтеушілер жиналды.  М.Булгактовтың шығармашылығы туралы Қостанай облысы ІІД оқу орталығының тыңдаушылары, қаланың шығармашылықпен айналысушы адамдары: суретшілер, ғалымдар, публицистер әңгімелесті. Кез келген қатысушы сұрақ қойып, өзін қызықтырған мәселе туралы пікірін білдіруге мүмкіндік алды. Кітап көрмесі ұйымдастырылды, сондай-ақ Георгий Соковтың «Мастер и Маргарита» романы бойынша графика стилінде салған суреттері көрсетілді. Электронды көрсетілім түрінде суретші Сергей Луговой талқыланып отырған тақырыпқа қатысты салған суреттерін көрсетті.

  Қостанайлықтардың Михаил Булгаковтың тағдыры мен шығармашылығына деген қызығушылығын көрсеткен ашық әңгіме орын алды. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus