Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
6697 әскери бөліміндегі іс-шара
27.04.2016

26 сәуір күні  "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің 6697 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесінде Республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында  ақын Дулат Бабатайұлының шығармалары бойынша «Азаттық жырының ақтаңгері» атты әдеби кеш өтті.

Дулат Бабатайұлы – ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиетінің ірі өкілдерінің бірі. Абономенттер бөлімі ұйымдастырған «Жыл авторы – Дулат Бабатайұлы» атты кітап көрмесі сарбаздар қызығушылығын танытты. Сарбаздар өздері таңдаған әдебиетті алып, әрбіреуі Дулаттың бір шығармасынан үзінді оқыды. Осылайша сарбаздар  Республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясына қатысуға және Дулат Бабатайұлының шығармаларын оқуға өз үлестерін қосып, насихаттады. Дулаттың шығарамашылығынан елеулі орын алатын «Еспембет» атты ұзақ толғауын жүргізуші А.Базарбай мазмұнын ашып айтып берсе, сарбаздар өз ойларымен бөлісіп Дулат шығармашылығын талдады. Кеш соңында сарбаздар әр түрлі сұрақтар қойып, ақынның өмірі жайлы ойларымен бөлісті. Кітап көрмесінен қалаған кітаптарын жаздыртып алып қалып, өздерінің жан-жақтылығын көрсетті. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus