Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Мейірімділік пен төзімділік мерекесі
01.03.2016

Қазақстанда жаңа мереке – 1 наурыз – Алғыс айту күні пайда болды.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев тағы бір мерекенің дүниеге келгенін жария еткен жарлыққа қол қойды. Бұл күні Қазақстанда тұрып жатқан ұлт өкілдері елімізге сонау жылдары жер аударылып келгенде бір-біріне көрсеткен өзара төзімділіктері мен қонақжайлылығы үшін алғыстарын білдіруге болады деп ұйғарылған. 

Жаңа мерекенің енгізілуіне байланысты кітапханада көңіл аударуға тұрарлық шаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, Қазан қаласындағы қазақ диаспорасының, Қарағанды, Набережные Челны қалаларының ОКЖ  өкілдерінің қатысуымен телекөпір өткізілді. Шара барысында ана тіліндегі сәлемдесулерді естіген  ресейлік қазақтар қазақстандықтарға шынайы ықыластары, төзімділіктері, қонақжайлылықтары және мерекелерді өткізудегі ізгі дәстүрді сақтап қалғандары үшін жүрекжарды алғыстарын білдірісті. 

         Телекөпірге қатысушылар әркімнің-ақ тұрғысы келетін киелі қазақ жеріне арналған «Баршамызда бір-ақ Отан» кітап көрмесімен танысты. Көрмеге қазақ халқының, сондай-ақ біздің облысымызда тұрып жатқан түрлі диаспоралардың тарихы мен мәдениеті, салты мен дәстүрі жайында кітаптар қойылған.

 «Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ  жалғасқан салтанатты шараға келген мерекенің қатысушылары мен қонақтары облыс әкімі А.Б.Мұхамбетовпен бірге «Қазақстан халқы ассамблеясы – бірлік пен келісім белігісі» кітап-зат көрмесін зор қызығушылықпен тамашалады.

Алғыс айту күні қазақстандықтарды одан ары жақындастыра түсетін болады және болашақта мейірімділік пен төзімділіктің тамаша мерекесіне айналмақ
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus