Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Заңғар заңгер
19.02.2016

Абонементтер бөлімінде  көрнекті ғалым-заңгер, мемлекет қайраткері, профессор, ҚР ҒА академигі,  Қазақстан ғылымының еңбек сіңірген қайраткері, республикадағы заң ғылымдарының негізін қалаушылардың бірі Салық Зиманұлы Зимановтың туғанына 95 жыл толуына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Ол өзінің негізгі еңбектерін тарих пен мемлекет және құқық теориясына, Орталық Азияда ұлттық мемлекетті қалыптастыруға және дамытуға, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігіне, Бөкей ордасының тарихына арнады.

С.З.Зиманов «Қазақ КСР мемлекеттік егемендігі туралы декларацияның» жобасын дайындаумен айналысқан комиссияға жетекшілік етті, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңнама жобасын дайындау бойынша жұмыс істеген комиссияның мүшесі болды.

Көрмеге С.З.Зимановтың ғылыми-зерттеу еңбектері қойылған, олардың ішінен негізгілердің бірі ретінде ХХ ғасырдың 50 жылдары жазылған және күні бүгінге дейін қолданылып келе жатқан шығармалар жинағын ерекше атауға болады. Атақты ғалымның монографиялары енген кітаптар да ерекше қызығушылық тудыратын дүниелер болып табылады. Мысалы, «Қазақтың билер соты – жалпы мәдени құндылық», «ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақтардың қоғамдық құрылымы және Бөкей хандығы», «Ш.Уәлихановтың, М.Сералиннің қоғамдық-саяси пікірі», «Қазақстандағы мемлекеттік-құқықтық және жоғары заңдық білім беру мәселелері» және т.б. 

Аталған қайталанбас ғылыми еңбектер республиканың қоғамдық ғылымдарының дамуына зор үлес қосты, тәуелсіз Қазақстанның дамуы жолында маңызды рөл атқарды.

Қала тұрғындарын көрмеге қойылған басылымдармен танысуға шақырамыз. Кітап көрмесі үстіміздегі жылдың 5 наурызына дейін жұмыс істейтін болады. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus