Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Табысты тұлғалар оқығанды ұнатады» жобасының ашылуы
10.02.2016
Қазіргі кездің кітапханасы тек – ақпараттық, ағартушылық орталық қана емес, сондай-ақ кездесулер өткізіп, сұхбат құратын, еркін пікір алмасатын орынға да айналды. Кітапхана – ойлардың отаны деген пікір қалыптасты. 

9 ақпаны күні сағ. 15.00 қонақжайда «Табысты тұлғалар оқығанды ұнатады» атты жаңа жобаның ашылуы болды, келешекте жоба аясында қаламыздың танымал тұлғаларымен, атақты адамдарымен кездесулер өткізу жоспарлануда. Біз кітап оқудың пайдасы туралы, кітап туралы айтатын боламыз.

Ресей кәсіби Әдебиетшілер одағының мүшесі, педагог,  инженер және ақын, жерлесіміз  Владимир Моисеевич Ляховецкий жобамыздың алғашқы қонағы болды. Владимир Моисеевич өз шығармаларында өткен өмірі туралы, басынан кешкен қиындықтары туралы оқырмандарына бүкпесіз баяндап, келешек жайындағы толғаныстарын ортаға салады.

Шараның қонағы болған құрылыс және индустриялық-педагогикалық колледждерінің студенттері, кітапхана оқырмандары, қостанайлық авторлар –  А. Денисов, Ю. Бондаренко, В. Лоскутников, Н. Кочин, Т. Кайгародцева, А. Каратаев В.Ляховецкийдің шығармашылығы жайында өздерінің пікірлерін білдірісіп, шараға қатысқан жастарға кітап оқудың қажеттігін айтысты және кітапты көбірек оқуға шақырды. Жастар жүргізушінің кітаптың өз өмірлеріндегі рөлі, жақсы көретін кітаптары мен авторлары, соңғы оқыған кітаптары туралы және т.б. қатысты қойылған сұрақтарына жауап берісті.

Владимир Моисеевичтің айтуынша балалық шағынан өзіне серік болып келе жатқан кітаптар қойылған «Өміріме серік болған кітаптар» тақырыптық сөресі студенттердің ерекше қызығушылығын тудырды.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus