Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Авторлармен кездесу
11.12.2015

Желтоқсанның 9 күні «Екі әйел, екі тағдыр – бір тарих» тақырыбымен әдеби қонақжайда шығармашылық кездесу болып өтті.   

Кездесудің бағдарламасына белгілі қоғам белсендісі, З.Алдамжар ат. Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің заң пәндері кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты Людмила Владимировна Мацупаның «Разноцветная правда, или Принадлежать истории» кітабының тұсаукесері және «Русский смех» (Кстов қ., Нижегород обл., Ресей) Бүкілресейлік сықақ поэзиясы фестивалінің жеңімпазы болған қостанайлық ақын Александра Ильинична Суслованы құттықтау енгізілді. 

Шараны жүргізген Д.Дәуренбекова шақырылған авторлардың тағдырлары әр түрлі болғанымен олардың бір дәуірде, бір қалада тұрып жатқанын, екеуінің өмірлік ұстанымдарының сәйкес келетіндігін жеткізді. 

Людмила Владимировна тұсауы кесілгелі отырған кітапты жазу туралы ойдың қайдан шыққаны жөнінде айтып беріп, алдағы жоспарларын ортаға салды, шараға қатысып отырған жастарға – медициналық колледж бен ЧелМУ студенттерінің сұрақтарына жауап берді. Ең белсенді студенттер автордың өз қолымен берген кітаптарға ие болды.

Александра Ильинична фестивальға барған сапарда алған әсерлерімен бөлісті. Ол биыл оған үшінші рет қатысып, фестивальдың симвлоы – күміс қоянға ие болды.

В.Лоскутников, Ю.Бондаренко, А.Каратаев секілді қостанайлық авторлар өздерінің пікірлері мен тілектерін білдірісті.

Людмила Владимировнаның тұсауы кесілгелі отырған кітабының өлкетану саласы бойынша тағы бір құнды материал болып табылатындығын, оның еліміз бен өлкеміздің тарихына өз үлесін қосып келе жатқандығын атап өткен кітапхана директоры Д.Дүйсебаева авторларға шығармашылық табыстар мен жаңа жетістіктер тіледі.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus