Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Толстовкадағы ізгі істер
27.11.2015

         2015 жылдың 27 қарашасы күні «Ізгілік іздері» талантты тұлғалар клубымен бірге «Бірге болсақ, барлық биікті бағындырамыз» тақырыбымен  қайырымдылық шарасы өткізілді. Шара қостанайлық шеберлердің handmade  (өз қолдарымен жасаған жұмыстары) бұйымдары сатылымға шығарылған қайырымдылық жәрмеңкесінен басталды.

Қаланың шығармашылықпен айналысып жүрген жастарының күшімен ұйымдастырылған концерт шараға қатысушыларға шексіз эмоция, жарқын әсер мен мерекелік көңіл күй сыйлады. 

Танымал жүргізуші Алексей Зюбанов жүргізген бағдарламаға әншілер Владимир Алексанин мен Дмитрий Говорков, "The Grateful" тобы, "Рисунки ветром" вокалды-аспаптар тобы қатысты, Дмитрий Бородин авторлық әнін орындады.    

Бұл кеште ертегіге де орын табылды, "На весу" театрының әртістері – жонглер Артем Лисогор мен көз байлаушы Антон Вознесенский өз өнерлерімен жиналғандарды таң қалдырды. 

Шараны әсем безендіргені үшін "Цветы Елены" декор салонына, шараны өткізуге берген аппараты үшін GOGOLstreetBAR, фотосуретке түсіруді жүзеге асырғаны үшін «Like» Company компаниясына алғысымызды айтамыз.  

Сатудан түскен барлық қаражат (29515 теңге) БЦС емделуін жалғастыру үшін Асылбек Гүлшаттың туыстарына берілді.

Қаламызда көпшіліктен көмек күткен жандарға жәрдем жасауға дайын тұратын, ізгілікті іс істеуге жаны құмар жандардың бар екендігі көңілге қуаныш ұялатады. Баршаңызға алғыс айтамыз! Бірге болсақ, барлық биікті бағындырамыз!

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus