Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Аудармашылар байқауы лауреаттарын құттықтаймыз
05.11.2015

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Ресейдегі Қазақстан Республикасының елшілігімен, Қазақстан Жазушылар одағымен және «Қазастанның КТК одағы» республикалық жастар қоғамдық бірлестігімен бірлесе отырып жариялаған аудармашылардың «Алтын көпір» байқауы 15 шілде мен 20 тамыз аралығында өтті.  

Байқаудың негізгі мақсаты – Қазақстан Респуликасы мен Ресей Федерациясының арасындағы әдеби және мәдени байланыстарды, халықтар арасындағы өзара түсіністікті, ұлтаралық тыныштық пен келісімді нығайту, сондай-ақ тілдік мәдениетті дамытуға және таратуға көмектесу, қазақ әдебиетін насихаттау және оның дамуына қолдау көрсету.

Аталған байқауда белгілі қостанайлық авторлар жеңімпаз болды.  «Поэзия. Қазақ тілінен орыс тіліне аудару» номинациясында А.Шаяхметтің «Ақсұлу» драмалық поэмасын аударған Әбдірахман Досов бірінші орынды иеленді.  «Поэзия. Орыс тілінен қазақ тіліне аудару» номинациясында Арсений Тарковскийдің өлеңдерін аударған А.Шаяхмет екінші орынды иеленді.

04 қараша күні қонақжайда «Қос жеңімпаз қаламгер» атты кездесу болып өтті. Байқаудың лауреаттарын құттықтау үшін  қостанайлық ақындар, қаланың оқу орындарының студенттері, БАҚ өкілдері жиналды.

Кездесуде сөз сөйлеген А. Тарасенко, Ю. Бондаренко, Н. Кочин, Т. Кайгородцева секілді қостанайлық авторлар аудармалардың халықтарды, мәдениеттерді, тілдерді, әдебиетті жақындастыра түсетінін атап өтісіп, қаламдастарына шығармашылық жетістіктер тіледі.

Кітапхана директоры Д.Дүйсебаева кітапхана өміріне белсенді қатысатындары үшін Ә.Досов пен А.Шаяхметке алғыс айтып, ақындарға «Тобыл толқындары» әдеби альманахын сыйға тартты. Авторлар кітапханаға байқаудың қорытындысы бойынша жарық көрген, өздерінің қолтаңбалары қойылған «Алтын көпір» аудармалар кітабының 2 томын сыйға тартты. Кездесу шынайы достық ахуалда өтті.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus