Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК 2015 жылдың 23 қазанында Кітапхана ісінің ардагері, Жітіқара ауданының құрметті азаматы Валентина Фоминична Неумывакинаның 76 жасында өмірден өткенін қайғыра отырып хабарлайды.
26.10.2015

           Валентина Фоминична 1940 жылдың 19 шілдесінде Жітіқара ауданының Максимов а. дүниеге келді. Еңбек жолын Жітіқара механика зауытының токарь цехында бастады.  

         Валентина Фоминична 1965 жылдың наурызында алғаш рет аудандық кітапхананың табалдырығын аттады және осы сәттен бастап кітапхана оның екінші үйіне айналды. Кітапханада істей жүріп Көкшетау кітапхана техникумының сырттай оқыту бөліміне түскен оны аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі етіп тағайындайды. Бұдан кейін зейнеткерлікке шыққанға дейінгі 16 жыл бойы Жітіқара орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры болды.

          Ол ұзақ жылдар бойы аудандық мәдениет бөлімінің кәсіподақ комитетіне жетекшілік етті. Ақылды да білімді Валентина Фоминична жетекшіге тән талантымен ерекшеленді, ұжым мүшелерін айналасына топтастыра білді.             

           Оның еңбегі лайықты бағаланып «Еңбек ардагері» медалімен, КСРО Мәдениет министрлігінің «Мәдени-ағарту жұмыстарының үздігі» белгісімен марапатталды, 1995 жылы оған «Жітіқара ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.  

         Өзінің сүйікті ісіне өмірінің 30 жылын арнаған Валентина Фоминична жас әріптестеріне кітапхана ісінің қыр-сырын үйретуден танған емес. Әріптестері оның жоғары біліктілігін, адалдығын, еңбексүйгіштігін, әдептілігі мен білімділігін ерекше құрметтеді.

          Валентина Фоминична жұбайы екеуі қоғамнан өз орындарын таба алған екі қызды өсіріп шығарды. Анасының жолын қуған қызы Татьяна аудандық кітапханада кітапханашы болып істейді. Жақындары мен туыстары үшін Валентина Фоминична отбасының ұйытқысы және қамқоршысы ғана емес, сондай-ақ олардың сенімді серігі және кеңесшісі де болды. 

          Валентина Фоминичнаның бейнесі әріптестерінің есінде мәңгі сақталатын болады.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus