Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Балаларға арналған кинолекторий
09.06.2015
«Жасырмаймыз сырымызды жақсыдан» жобасы аясында Қостанай қ. № 5А ОМ оқушылары 09.06 кітапханада болды. Балалар облыстың бас кітапханасымен таныстырылып, «Менің үйім – туған жерім Дағыстан!» кітап-зат көрмесіне шолу жасалды және «Ғасырларға куә болған мемлекет» кітап көрмесі көрсетілді. Жобаның жетекшісі Д.Дәуренбекова көрмеге қойылған әр зат жайында жеке-жеке әңгімелеп берді. Әсіресе «Мульти Россия» циклі бойынша ежелгі Дербент қаласы жайындағы анимациялық фильм, «Ежелгі және қазіргі Дербент» деректі фильмі және «Шындық шегі» - «Дербент және ұлы Жібек жолы» ғылыми-көпшілік фильмдер циклі бойынша үзінді көрсетілген кинолекторийлер балалардың ерекше қызығушылығын тудырды. Кездесу соңында балалар Ежелгі Дербент қаласы қайда орналасқан? (РФ құрамындағы Дағыстан Республикасында), Нарын-қала қамалы туралы не білесің? (қорғаныс мақсатында тұрғызылған қорған, қазір - мұражай), «Дер-бент» сөзі нені білдіреді? (дер - есік, бент – бөгет), «Кавказдың темір қақпасы» қайда орналасқан? (ежелгі Дербент қаласында) секілді және т.б. жедел сауалдарға жауап берісті.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus