Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Қостанай. А.С.Пушкин ескерткіші. «Бос микрофон».
05.06.2015
Пушкин шығармашылығының ерекшеліктерінің бірі ретінде оның әлемнің түрлі халықтарының мәдениетімен таныс болуын атауға болады. Ол олармен таныс болып қана қоймай, түрлі халықтың түрлі жылдары шыққан шығармаларын түсіне білуі ерекше құбылыстардың бірі. Болашақ ақын жас кезінен антиктік ақындардың, сәл кейінірек Шекспирдің, Вольтердің, Руссоның шығармаларымен танысты, ол ақын Саади шығармаларын және Құранда жазылып қалған мұсылмандардың өзіндік поэзиясын ерекше бағалады.
Құран ақынды тарихи ескерткіш ретінде, философия туындысы ретінде, арабтар әлемінің тілдік ерекшелігі көрсетілген тамаша әдеби ескерткіш ретінде қызықтырды. Осының нәтижесінде Александр Сергейұлының «Құранға еліктеу» атты өлеңдер циклі дүниеге келді. Қалыптасқан дәстүр бойынша 05.06 ескерткіш жанына жиналған қостанайлық ақындар, оның талантын тәу етушілер, түрлі жастағы поэзияны ұнататындар, қала қонақтары өздерінің ескерткіш жанындағы оқуларын осы циклдан бастады.
Бос тұрған микрофонға қостанайлық белгілі ақын Ә.Досов, жазушы, баспагер, өлкетанушы А.Тарасенко, публицист А.Денисов, А.Пушкин ат. қалалық балалар кітапханасының оқырмандары мен т.б. шықты. Шараға қатысқандарды М.Калашеев өзінің мәнерлеп оқу үлгісімен тәнті етті.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus