Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Я пишу стихи» телекөпірі
27.05.2020

26 мамырда «Я пишу стихи» жобасының құрылтайшылары мен қатысушыларының және «Крылья» әдеби студиясының өкілдерінің қатысуымен халықаралық телекөпір өтті.  Телекөпірге  ақын Светлана Глебова (Тюмень қ.), психолог және жаттықтырушы Владимир Алексанин (Қостанай қ.), жетекшісі Татьяна Тихомировамен  бірге келген «Крылья» әдеби студиясының балалары (Елена Коршун, Нурлан Бекназаров, Алексей Сухарев, Яна Федорович) және «Я пишу стихи» (Тюмень қ.) жобасына барып жүрген балалар қатысты.

Кездесу шығармашылық жетістіктер мен алдағы жоспарлар жайындағы тартымды әңгіме түрінде өтті. Сондай-ақ кездесуге қатысушылар шабыт туралы ой бөлісіп, өздері туралы қысқаша мәлімет берді. Қостанай мен Тюменьнің әдеби студиясына қатысатын балалар ақпан айында хат жазыса бастады, бұл балалардың тәжірибе алмасуларына жағдай жасап, алдағы уақыттағы шығармашылық жеңістерге жігерлендіре түскен болатын. Кездесу соңында қатысушылар бір-біріне қызықты әңгімелері үшін шын жүректен алғыстарын айтысып, алдағы уақытта кездесіп тұруға келісті.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus