Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
#8наурыз
05.03.2020

МАНЬШИНА СВЕТЛАНА ВИТАЛЬЕВНА. Қостанайлық ақын, «Солтүстік Қазақстан әдебиетшілер қауымдастығы» ҚБ мүшесі. Светлана Маньшина Әзірбайжанда әскери қызметшінің отбасында туған. 1979 жылдан Қазақстанда, Қостанай қ. тұрады.

1989 ж. Челябі мемлекеттік мәдениет институтын бітірген.

Институттан кейін жолдама бойынша Ресейдің Миасс қ. жұмыс істейді. Сол кезде алғаш рет «Миасский рабочий» газетінде оның үлкен мақаласы, кейін Н. Рерихке арналған көрмедегі фотосуреті жарияланды.

1992 жылдан бастап Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК (алдымен кітап сақтау бөлімінде, одан кейін оқу залында, бұдан кейін коммерциялық әдебиеттер бөлімінде, одан кейін абонементтер бөлімінде) жұмыс істеді. 2008 жылдан бастап А. Байтұрсынов ат. ҚМУ кітапханасының Интернет залында жұмыс істеді. Қазіргі кезде Ы. Алтынсарин ат. облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының автоматтандыру бөлімінде еңбек етеді.

Кішкентай кезінде көңілшек бала болды. Кітап, өлең оқығанды ұнатты. Кітап оқуды ерте бастады, балабақшаға барып жүрген кезінде-ақ анасымен кітапханаға барып кітаптар алып жүрді. Өлеңді 12 жасынан бастап жазады. Прозамен де айналысты. «Кустанай» газетінде өлеңдері алғаш рет 1997 жылы жарияланды. Бұдан кейін өңірлік «Берега kz» және «Prata Martis» әдеби-көркем журналдарында, жергілікті БАҚ жариялана бастады. Бұлардан басқа оның шығармалары республикалық «Простор» және «Нива» журналдарында бірнеше дүркін жарық көрді. «Стихи.ру» сайтында Қазақстандық қана емес, сондай-ақ шетелдік оқырмандар да оқитын өзінің жеке парақшасы бар.

Қаланың әдеби өміріне де белсенді қатысты – қаланың шығармашылық алаңдарына шығып тұрды, бірнеше рет «Разбудильникке», радиоға шықты. Көптеген облыстық поэтикалық байқаулардың лауреаты. Бірнеше рет Қостанай облысы ақындарының үздік ондығына енді. Екі өлеңдер жинағының авторы.

1996 ж. бастап «Ковчег» әдеби бірлестігінің мүшесі болып табылады. 2011 ж. бастап Солтүстік Қазақстан жазушылар қауымдастығының мүшесі. Қазіргі кезде «Prata Martis» әдеби бірлестігінің жұмысына қатысады.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus