Қазақстан халқы ассамблеясының 25 жылдығына арналған «Достық шаңырағы»
жобасы аясында Абонементтер бөлімінде осындай тақырыппен кітап көрмесі
безендірілді. Жобаның наурыз айындағы бөлімі неміс әдебиетіне арналған.
Көрмеге немістердің тарихы мен мәдениетінен хабар беретін басылымдар
қойылған, сондай-ақ неміс халқының еліміздің дамуына қосып келе жатқан рөлі
көрсетілген. В.К.Штректің «Немцы» кітабы
Қазақстан Республикасындағы неміс диаспорасына арналған, «Мой Казахстан»
өлеңдер жинағында қазақстандық неміс ақындарының шығармашылығы ұсынылған,
Герольд Бельгердің «Дом скитальца», «За шестью перевалами» және басқа
кітаптарында халықтың тірі тарихы көрсетілген. Әлемге әйгілі көптеген ақындар
мен жазушыларды, суретшілерді, философтар мен ғалымдарды дүниеге әкелген ұлт
туралы қазіргі кездің танымал тарихшысы Стивен Озменттің «Могучая крепость:
Новая история германского народа» кітабынан оқи аласыздар. Көрменің бір бөлігі
атақты тұлғалар Гетенің, Шиллердің, Гейненің, Гофманның және басқа авторлардың
шығармалары мен шығармашылықтарына арналған.
Көрме ай бойы жұмыс істейтін болады. Барлық тілек білдірушілерді көрмені
көруге шақырамыз! |