Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Дарын мен шеберліктің шегі»
02.03.2020

Музыкант, Е. Өмірзақов ат. Қостанай облыстық филармониясының орыс халық аспаптары оркестрінің жетекшісі және дирижері А. В. Зарубамен шығармашылық кездесу.

27 ақпанда ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, музыкант, Е. Өмірзақов ат. Қостанай облыстық филармониясының орыс халық аспаптары оркестрінің жетекшісі  және дирижері Анатолий Васильевич Зарубамен шығармашылық кездесу өтті. Кездесу оркестрдің құрылғанына 75 жыл толуына арналды.

Анатолий Васильевич өзінің мамандыққа қалай келгені туралы, алғашқы жетістіктері жайында, сапарлары мен ұжымның келешектегі жоспарлары туралы қуана айтып берді.

Қонақтар үшін оркестрдің филармонияның әншілері Гүлбану Абдулинаның, Игорь Коропецкийдің, Ольга Квитканың қатысуларымен өнер көрсеткен бейнероликтері дайындалды, оркестрдің тақырыптық концерттерінен және жыл сайынғы Қостанайда өтетін Халықаралық дирижерлер форумындағы өнер көрсетуінен үзінділер ұсынылды.

Кездесу достық, жанға жайлы ахуалда өтті. Анатолий Васильевичті құттықтауға музыка мектебінен әріптестері, достары мен музыканы ұнатушылар – А. С. Денисов, С. Н. Петрова, Ю. Я. Бондаренко және т. б. келді.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus