Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Қазақстанға айтылар алғыс»
28.02.2020

27 ақпанда кітапханада Өлкетану әдебиеттері бөлімінің ұйымдастыруымен кездесу-сұхбат өтті. Кездесу кейіпкері: Арыстан Жұмағали – ҚР белгілі қоғам қайраткері, меценат, дағдарыстың алдын алу маманы, «Точка опоры», «С благодарностью к Казахстану» кітаптарының авторы. Біздің кездесуіміз көктемнің алғашқы мерекесі – Алғыс айту күні қарсаңында болды.  Алғыс айту күні – қазақстандық отаншылдықтың, бірлік пен достықтың жарқын мерекесі. Арыстан Жұмағали туған елін аралап жүріп тағдырдың қалауымен жолында жолықтырған жандарға жүрекжарды, жылы сөздерін жеткізді. Ол Қазақстанды толықтай және Ресейдің қырыққа жуық қаласын аралап шықты, түрлі адамдармен кездесті. Бұлар оның өмірбаяндық «Точка опоры», «С благодарностью к Казахстану» кітаптарына негіз болған, естен кетпейтін, әдемі әсерге бөлеген, қызықты өмірлік жағдаяттарды жолықтырған кездесулер болды.

Жастар тарапынан ешкім күтпеген және бүкпесіз сауалдар қойылды және Жұмағали Ерсұлтанұлының атына алғыстар айтылды. Себебі алғыс айту қашанда екі жақты болуы тиіс. Тұсаукесер, кітап көрмесі, марапаттар, Жұмағали Ерсұлтанұлының қызықты және әсерлі әңгімесі зор қызығушылық көңіл күй тудырды.  Шараның аяқталу сәті де бәрінің көңілінен шықты, себебі әр студент сыйлық – автордың электронды кітабын алып қайтты.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus