Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Ардагерлер арасындағы «64» дойбыдан Қазақстан Республикасының чемпионаты
21.02.2020

16–21 ақпан аралығында кітапханада 2 аталым: «Классика» және «Рапид» бойынша Ардагерлер арасындағы «64» дойбыдан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Жарысты ҚМУ оқытушысы және облыстың жаттықтырушысы Арман Какашев өткізді.

 Жарыс айналым жүйесі бойынша өтті. Қатысушылар партияларда әдемі әдістер көрсетті, құрылған қақпандарды айналып өтуге тырысты және дойбы ойнаудың бір қарағандағыдай қарапайым ойын еместігін, алуан түрлі амалмен ойналатынын дәлелдеп берді. Жарыс қорытындысы бойынша күштілер анықталып, жарыстың жеңімпаздары грамоталармен және медальдармен марапатталды.

Жарысқа республиканың 9 өңірінен: Нұр-Сұлтан қ. және Атырау, Ақтөбе, Түркістан, Қарағанды, Қостанай, Жамбыл, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарынан барлығы 38 адам қатысты. Республикалық жарысқа Азияның 2 чемпионының, 7 спорт шеберінің, сондай-ақ Қазақстанның бірнеше дүркін жүлдегерлерінің қатысуы елеулі оқиға болды.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus