Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Қазақстанның мәдени құндылықтарының тағдыры»
20.02.2020

19 ақпанда Қостанай педагогикалық колледжінде ҚР тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары аясында Қазақстанның мәдени құндылықтарымен таныстыру, еліміздің тарихм мұрасын ұмытпауды және құрметтеуді қалыптастыру мақсатында «Қазақстанның мәдени құндылықтарының тағдыры» дөңгелек үстелі өтті.

Шара барысында тыңдаушылар қазақ даласының ежелгі заманнан барлық еуразиялық кеңістік үшін мәдениеттің ошағы болғанын білді. Баяғы заманда қазақ жері арқылы Шығыс пен Батысты байланыстырып тұрған Ұлы Жібек жолы өтті.Керуен жолдары өтетін жерлерде түрлі мәдениет, салт-дәстүр, дін – ислам, христиан, буддизм және конфуций бірге өмір сүрді. Көптеген тарихи және мәдени ескерткіштер сол дәуірдің мұрасы болып табылады. Бұлар ежелгі, орта ғасырдағы шығыстың архитектуралық өнері мен мәдениетінің нағыз маржандары. «Қазақстанның сакралды географиясы» жобасы аясында 642 қасиетті нысан анықталды және интерактивті картаға түсірілді.

Біздің өңіріміздің қасиетті нысандары туралы ақпарат тыңдаушылардың ерешке қызығушылығын тудырды. Студенттер «геоглифтер» ұғымы туралы, олардың Қостанай облысының аумағындағы саны мен орналасқан жері туралы сұрады. Қостанай облысының жері  тарихи және мәдени ескерткіштерге бай. Кесенелер, ежелгі қорымдар, елді мекендер әлі күнге өткен ғасырлардың құпиясын бүгіп жатыр. Колледж студенттерінің назарына кітапхана қызметкерлері жасаған «Қостанай облысының киелі жерлері» библиографиялық құралы мен «Киелі жерлер бірлік пен жаңғыру нышаны» баспасөз клиппингі ұсынылды.

Шара соңында қатысушылар үшін «Қазақстанның мәдени құндылықтарының тағдыры» кітап көрмесіне шолу өткізілді.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus