Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Пушкиннің портреттері» көрмесі А.С. Пушкинді еске алу күніне арналған
07.02.2020

7 ақпанда Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында А. С. Пушкинді еске алу күніне арналған «А. С. Пушкин. Портреты» көрмесінің салтанатты ашылуы болды.

Көрмені А. С. Пушкиннің мемлекеттік мұражайы (Мәскеу қ.) Қазақстандағы Ресей ынтымақтастығының өкілдерімен бірлесіп дайындаған экспозицияны Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің кеңесшісі Коропченко Алексей Анатольевич және Қазақстандағы Россотрудничество өкілі Воробьев Константин Павлович ұсынды.

Ақынның көзі тірісінде салынған портреттер ерекше қызығушылық тудырды. Олардың ең көнесі ХІХ ғасырдың алғашқы жылдары салынған. Мамандар бұл портреттің авторы Пушкиннің үйіне жиі баратын жазушы, әуесқой суретші Ксавье де Местр деп болжайды.

Пушкин «иконографиясының» көпшілік бөлігі ХІХ ғ. 2-ші жартысы мен ХХІ ғ. басындағы суретшілердің жұмысына тиесілі. Бұл оның тірі кезінде өзіне қарап салған суреттер мен автопортеттерді, оның шығармашылығы мен өмірбаянын зерттеудің нәтижесінде жасалған ақынның ретроспективті бейнелері. Г. Д. Новожиловтың (1970), А. Т. Зверевтің (1983), Г. А. Травниковтың (2003), Н. С. Сафроновтың (2009) жұмыстары Пушкинді жаңаша тануға деген ұмтылысты, бейнелеудің жаңа жолдары мен жаңа көркемдік әдістерді көрсетеді.

Көрмеге А. С. Пушкиннің мемлекеттік мұражайында сақталып тұрған ақын бейнелерінің тек бір бөлігі ғана қойылған. Соған қарамастан, ол ақынның көзқарасы түрлі тарихи кезеңдерде қалай өзгергенін және суретшілердің жаңа ұрпағы оны қандай кейіпте көргенін байқауға мүмкіндік береді.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus