Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Шығармашылыққа шақыру
03.02.2020

31 қаңтарда Өлкетану әдебиеттері бөлімінің әдеби-ақпараттық секторының қызметкерлері Қостанай қ. жалпы білім беретін № 21 мектебіне көшпелі шара ұйымдастырды. Шараны өткізуге оқушыларды қаламыздың ақындарымен және жазушыларымен таныстырғысы келген орыс тілінің мұғалімдері бастамашы болды. Татьяна Тихомирова мен Алексей Олексюк жиналғандарға жас ақындарды, кітапхана жанынан жұмыс істейтін «Крылья» және «Prata Martis» поэтикалық студияларының мүшелерін: Яна Федоровичті, Артём Шевченконы, Иван Жуковты, Елена Коршунды және Олеся Дубиковскаяны таныстырды. Оқушылар да әдеби кешке мұқият дайындалды, 5 сынып оқушысының орындауындағы шағын музыкалық сыйлық дайындады, сондай-ақ балалар белгілі ақындардың шығармаларын мәнерлеп оқыды.

Кездесуге келген әр жас автор өзі туралы айтып беріп, өздерінің өлеңдерін оқыды. Яна Федорович пен Олеся Дубиковская өздерінің жақында жарық көрген кітаптарын көрсетті. Кездесу оқушылардың шынайы қызығушылығын тудырды. Кітапхана қызметкерлері мен 21 мектептің педагогтары алдағы уақытта бірлесе жұмыс істеу туралы шешім қабылдады.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus