27 қаңтарда жер
жүзі Освенцим ажал лагерінің жабылғанына 75
жыл толуын атап өтті. Аушвиц I, Аушвиц II (Биркенау) және
Аушвиц III тұратын лагерь кешені 1940 және 1945 жылдар аралығында жұмыс істеді.
Осы уақыт ішінде онда түрлі деректер бойынша 1,1 миллионнан 2 миллионға дейін
адам опат болған болса, соның ішінде ең кемі бір миллион еврей, 60 мың поляк
және 14 мыңға жуық кеңестік әскери тұтқындар ажал құшты. Освенцимді 1945 жылдың
27 қаңтарында Қызыл армияның бірінші Украин майданының жауынгерлері азат етті.
Лагерьдің аумағында 1947 жылы мұражай жасалып, ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар
тізіміне енгізілді. 2006 жылдан бастап Освенцимді азат ету күні БҰҰ шешімімен
Халықаралық Холокост құрбандарын еске алу күні ретінде аталып өтеді.
28 қаңтарда Америка бұрышында қаланың ЖОО студенттері
арасында «Холокост
есімізде» тақырыбымен Jeopardy
зияткерлік ойыны өтті.
Ойын 5 блоктан
тұрды: «Кім?», «Не?», «Қайда?», «Қашан?» және «Неге?». Әр блокта күрделілігі
әртүрлі, 100 балдан 500 балға дейінгі аралықта бағаланған 5 сұрақтан болды.
Сайысқа А. Байтұрсынов
ат. ҚМУ «Спарта» және Ө. Сұлтанғазин ат. ҚМПУ «Горизонт» зияткерлік клубтары қатысты. Зияткерлік сайыста «Горизонт» командасы
жеңіске жетті.
Жеңімпаздар мен
қатысушылар грамоталармен және кубоктармен марапатталды. |